Онлайн газет



«Күншуақтан» кубокпен оралды

Өскелең ұрпақтың өн бойындағы талантты тап басып, өнерлінің өзін, бұлақтың көзін ашқандай тылсым өзегін аршып, шығармашылықты шыңдау жолында қосымша білім беру мекемелерінің қосатын үлесі қомақты екені анық. Аудан аумағында ашылғанына аса көп уақыт бола қоймаса да оқушы бойына нәрлі білім мен дағды беруде жақсы нәтижелерге жетіп жүрген осындай қосымша білім беру мекемелерінің бірі Бурыл ауылында орналасқан «Өнер» мектебі десек қателеспейміз.
Аталмыш мекемені ашылғаннан бері Алимбаев Нұрахан Нұрбекұлы басқарып келеді. Ұйымшылдығы ұлағатты іске ұласқан осынау «Өнер» мектебі талантты шәкірттерінің жетістіктерімен талайды тамсантудан танған емес. Жүйріктері жүлдені олжалайтын дәстүрінен жаңылмаған өнер ордасында жуырда тағы бір қуанышты жағдай орын алды.
Осы мектепте музыка өнерінен тәлім алып жүрген оқушы Өмірбекқызы Ажар ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласында өткен Х-шы халықаралық «Күншуақ» байқауына қатысып, ІІІ-ші дәрежелі лауреат атағын және конкурстық кубокты жеңіп алып, толайым табыспен оралып отыр. Ажардың жастайынан музыка өнеріне деген әуестігі мен құштарлығы оны осы ауылдағы «Өнер» мектебінің табалдырығынан аттатқан еді. Енді міне, қосымша білім беру мекемесі директорының орынбасары, білікті ұстаз Наханова Гүлжамалдың жетекшілігімен өнерін өрге ұзатқан Ажар қобыз аспабында дыбыстарды тап басып, таза ойнау шеберлігін жете меңгеріп, өнер шыңына өзіндік ерекшелігімен жол тартуда. Ажар Өмірбекқызы бұл табысқа бірден жете қойған жоқ. Әрине, қиын да қызықты өнер жолында мектепішілік байқаулардан бастап, облыстық өнер сайыстарында сан рет топ жарып, жүлделі орындардан көріне білді. Ажарды айтулы жеңісімен құттықтай отырып, оған және оны өнерге баулыған ұстаздарына «Өнер мектебінің» басшылары мен ұжымына алдағы уақытта толағай табыстарға жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін956
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6973
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32540
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203270

Серіктестер