Онлайн газет



Әскери міндеттілерді әскери қызметке шақыру

Р.Ахметов,
Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, аға лейтенант.

Бүгін Қарулы Күштер-бүкіл қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Халықаралық аренада еліміздің және  оның Қарулы Күштерінің беделі күн сайын өсуде. Осы 21 жыл ішінде Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлік пен қызметтегі мақтан тұтуға лайықты табыстары еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға өлшеусіз үлестерін қосты. Қарулы Күштердің қорғаныс қабілетін көтеретін әскерімізге Қазақстан Республикасының Президенті барынша жағдай жасауда.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561-ІV Заңына сәйкес, Қарулы Күштерде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық мекемелерде тегін медициналық көмек беріледі. 2013 жылдан бастап, тұрған әскери қызметшілерге үйді жалдағаны үшін өтемақы төленуге, қызметте он және одан көп жыл болғандарға қызметтік тұрғын үй қорынан қызметтік үй беруге, күнтізбелік есептеуде әскери қызметтің жиырма жылы өткеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Осы Заңның 10-тарауы, 8 тармағы бойынша әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін немесе келісім-шарт мерзімінің өтуі бойынша шығарылған, еңбек сіңірген жылдары он және одан да көп жыл болған келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге әскери қызметтен босатылған кезде мынадай ақшалай қаражат төленеді:
10 жылдан 15 жылға дейінгілерге-төрт айлық ақшалай қаражат;
15 жылдан 20 жылға дейінгілерге-бес айлық ақшалай қаражат;
20 жылдан 25 жылға дейінгілерге-алты айлық ақшалай қаражат;
25 жылдан 30 жылға дейінгілерге-жеті айлық ақшалай қаражат;
30 жылдан асқандарға-сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді.
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің нұсқауы бойынша Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде сарбаз және сержант құрамдарының бос лауазымдарына келісім-шарт бойынша әскери қызметке Шымкент, Гвардейск, Талдықорған, Қапшағай, Алматы қалаларына және Тұрар Рысқұлов ауданына іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қажетті сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады:
Сарыкемер ауылы, Д.Қонаев көшесі №182, тел.: 2-14-41.
Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (военкомат) әскерге шақыру және әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша іріктеу бөлімшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1090
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7107
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32674
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203404

Серіктестер