Онлайн газет



ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

«Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ұрпақ тәрбиесі - ұлы шаруа саналады.Шындығында да перзенттерімізге қалай тәрбие берсек, болашағы солай болады. Сондықтан еліміздің келешегі – жастарды білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу өз қолымызда екені жасырын емес.

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын ортасы, ұлттық, дәстүрлі құндылықтардың бастауы. Отбасының тірегі – әке болса, берекесі – ана. Отан отбасынан басталады. Расында туған жерді, Отанды, ұлтты сүюді бала отбасынан үйренеді. Жанұяда әкенің беделін биіктету арқылы ер-азаматтың балалары алдындағы абыройы асқақтайды. Осыдан келіп, жанұяда аға ұрпақ өкілдерімен – ата-анамен, ата-əжемен, іні-қарындаспен, ағайын-туғандармен бауырмалдық байланыс, мызғымас туыстық орнығады. Отбасындағы берік қарым-қатынас тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, мынау құбылмалы заманда оның көзқарасының беріктігін қамтамасыз етеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодты сақтау, озық дәстүрлерді ұстану, кежегені кері тартатын кереғар әдеттерден арылу, бәсекеге қабілеттілік, білім мен ғылымға ұмтылу, сананың ашықтығы сынды қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіретін болсақ өнегелі ұрпақ тәрбиелейтін боламыз. Сонымен қатар, отбасы мәртебесін көтеріп, некенің қағидаттарын берік ұстануға үлкен мән беретін уақыт келіп жетті.
Қазіргі таңда әлем жұртшылығы алдында үш маңызды: руханиятты, бейбітшілік пен табиғатты сақтап қалу міндеті тұр. Бұған  елдің әрбір азаматының, әрбір отбасының болашағы байлаулы тұрғандықтан, жас буынның тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарайық дегім келеді.

Рауан Мұңлықұлы,
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін179
mod_vvisit_counterКеше258
mod_vvisit_counterОсы аптада179
mod_vvisit_counterӨткен аптада2396
mod_vvisit_counterОсы айда8893
mod_vvisit_counterӨткен айда15544
mod_vvisit_counterБәрі1013935

Серіктестер