Онлайн газет



ОТБАСЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өнегелі ұрпақ тәрбиесі отбасы татулығынан басталады. Ұлағатты ұл, ибалы қыз тәрбиелеп, оларды өмір бәсекесіне қабілетті етуде ата-ананың еңбегі орасан. Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарды қастер тұтатын отбасылардың бірлігі мен татулығын өзгелерге үлгі етудің маңызы арта түсуде. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында еліміздегі ең үлгілі отбасылардың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елімізде дәстүрге айналған. Кеше  аудан әкімі аппаратының  басшысы Бақтияр Ақбаев аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған Сыздықовтар, Жансақаловтар, Ақпанбетовтар, Шакирбаевтар отбасын  құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Бақтияр Мұратұлы “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының  мақсаты - жарасымды отбасы құндылықтарын  насихаттау, жастардың санасына отбасы туралы құндылықтарды, оның қадірі мен қасиеті туралы мағыналы дүниелерді көбірек сіңіру мақсатында өтіп жатқандығын атап өтті. Жыл өткен сайын бала туу көрсеткіші ауданымызда өсіп отырғанын жеткізді. Байқаудың  аудандық кезеңінен топ жарған отбасыларға алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, жүлдемен оралуына тілектестігін білдірді. Бұдан соң сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова өткен жылы  «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне өңірімізден қатысқан ботамойнақтық Дәулетбаевтар отбасы екінші орынды иеленгендігін атап өтті. Үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқаудың аудандық кезеңіне  биылғы жылы 8 жанұя құжаттарын тапсырғанын, осылардың арасынан іріктелген жоғарыда аталған отбасыларға жеке - жеке тоқталып, жетістіктерінен ақпарат берді.
Өз кезегінде, үлгілі жанұялар атынан сөз алған Совет Сыздықов өздеріне құрмет көрсеткендерге алғысын білдірді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 15.05.2019 10:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін91
mod_vvisit_counterКеше401
mod_vvisit_counterОсы аптада492
mod_vvisit_counterӨткен аптада3151
mod_vvisit_counterОсы айда9177
mod_vvisit_counterӨткен айда19540
mod_vvisit_counterБәрі984135

Серіктестер