Онлайн газет



“ОТБАСЫЛЫҚ СОТ” ЖОБАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде аудандық соттың судьясы Ансабек Назаркулов Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған шараға  округ әкімдері Айдос Абдуалиев пен Сәуле Тлеукулова, кәсіби емес медиаторлар мен аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында судья сот жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтарды, оның ішінде, жаңа ақпараттық технологияларды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасының ерекшеліктерін түсіндірді.
Спикер тақырыпты түсіндіре отырып, тұрғындарға отбасы құндылықтары, оның ішінде неке және отбасы, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау үшін қолданылатын шараларға тоқталып, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызына екпін салды. «Отбасы-неке қатынастары саласында туындайтын дауларды қараудың ерекше тәсілін назарға ала отырып, соттар мен әлеуметтік ұйымдар, полиция органдары тиімді өзара іс - қимыл жасауы, отбасылық қатынастарды сауықтыру, отбасын сақтау, тараптардың татуласуы бойынша шаралар қолдануы қажет», - деп атап өтті.
Сондай-ақ отбасылық сотта судья істің қыр-сырын нақтылап, тараптар арасындағы дауды дұрыс шешу және отбасылық қатынастарды сақтап қалу мақсатында, оған  аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмыс тобы тартылатындығын жеткізді.
Маңызды мәселеге арналған шара барысында туындаған сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 15.05.2019 10:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін177
mod_vvisit_counterКеше258
mod_vvisit_counterОсы аптада177
mod_vvisit_counterӨткен аптада2396
mod_vvisit_counterОсы айда8891
mod_vvisit_counterӨткен айда15544
mod_vvisit_counterБәрі1013933

Серіктестер