Онлайн газет



МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары!
Сіздерді  Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Жеңіс күні – ол халықаралық ұлы мереке, жеңімпаз-ардагерлер мен жеңімпаз-ұрпақтардың мерекесі.
Ерлікті жасау – бір ерлік, оны дәріптеу – мың ерлікке тән. 1418 күнге созылған соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін әлемге танытты. Отты жылдары Байзақ жерінен 3341 ер-азамат майданға атанып, олардың 1360-ы туған жерге оралмады.
Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық, өршіл рух, халықтар достығы – Ұлы Жеңістің негізі болды. Ел басына күн туған  жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеудесін  оққа тосқан жерлесіміз Ақәділ Суханбаев Кеңес Одағының Батыры атанды. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Жеңіс күні - ерліктің, қайсар рух пен қаһармандықтың символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Аға  ұрпақтың  өшпес  ерлігі мен ерен еңбегін мақтан  тұтып, майдангерлердің батырлықтарына басымызды иіп, тағзым етеміз!
Қымбатты ардагерлер!
Құрметті аудан тұрғындары!
Осынау, Ұлы Жеңіс күні – Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін.

Рахматілдә Рахманбердиев,
аудан әкімі.

 

 

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Қымбатты аудан тұрғындары!
Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың дәлелі. Ал, Сіздердің Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен осы Жеңіске жету жолында қажырлы еңбек еткен тыл еңбеккерлері Отан қорғаудағы көрсеткен ерліктеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыз болашақ ұрпақ үшін жарқын үлгі.
Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз ғасырлар бойы жасай береді.
Ерен ерлік, қажырлы еңбек пен табандылықтарыңыз үшін, Сіздердің алдарыңызда бас ие отырып, бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, баянды бақыт пен бейбіт өмір, отбасыларыңызға құт - береке тілеймін!

Нұржан ТЛЕПОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін95
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6112
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31679
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202409

Серіктестер