Онлайн газет



ВИЦЕ-МИНИСТР АУДАНЫМЫЗДА

Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы, егістікті суару, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, егіс алқаптарының көлемін ұлғайту – қант өндірісін дамытудың негізгі бағыттары. Бұл туралы өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров айтты. Вице-министрді аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қарсы алды.

Айдарбек Сейпiлұлы аудандағы іссапарында Жаңатұрмыс ауылдық округінде орналасқан "Манат" шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабында болып, тәтті түбір өсіруші шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруа қауым өздерін толғандырып жүрген мәселелерді көтеріп, олардың оң шешімін табуына министрлік тарапынан ықпал етулерін өтінді.
"Манат" шаруа қожалығының жетекшісі Саха Манатов қырық гектар алқапқа егілген өнім түрі мен бүгінде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек ете келе, бірқатар өзекті проблемалық мәселелерге вице-министрдің назарын аударды. Атап айтқанда, егінді оратын техникалардың жоқтығы, қант қызылшасына қажетті инвестициялық субсидиялау, жылыжайды субсидиялау, тәтті түбірді қабылдаған зауыт тарапынан берешектің кешігіп төленуі, қант қызылшасын тасымалдауға қосымша "КамАЗ" сатып алу, тұқым шаруашылығынан берілетін елу пайыздық жеңілдікті қалдыру, ереже тұрақтылығы, жеңілдікпен босатылатын жанар - жағар май, шаруаларға берілетін несие көлемінің пайызын төмендету, асыл тұқымды ірі қара малдарын өз елімізден алу, өнімдерді қайта өңдеуді жандандыру сынды өтініш-ұсыныстарын білдірді. Осы келеңсіздіктерге орай, кейбір шаруалар балтамыр алқабының көлемін қысқартуға мәжбүр болып отырғаны да айтылды. Қант қызылшасы берешегіне байланысты "Меркі" қант зауытының атқарушы директоры Нұржан Қарғабаев қосымша түсінік берді.
Шаруалардың мұң-мұқтаждарын мұқият тыңдаған Айдарбек Сейпiлұлы: "Сіздердің ұсыныс-өтініштеріңізді министрдің алдында көтеріп, кеңінен отырып талқылаймыз. Сол кезде нақты шешім қабылдайтын боламыз. Қант қызылшасына көңіл бөлу қажет. Бүгінгі таңда, министрлікте ауыл шаруашылығы саласына қатысты талдау жасалуда", - дей отырып, әрбір мәселенің жіті зерделеніп, қарастырылатынын, тиісті қолдаулар көрсетілетінін  айтты.
Шаруа қожалықтың ісіне сәттілік тілеген ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров іссапармен Т.Рысқұлов ауданына аттанып кетті.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 08.05.2019 21:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1204
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7221
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32788
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203518

Серіктестер