Онлайн газет



ҚАРТ МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын Ұлы Отан соғысы жылдарында бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады.

Бүкіл жер-жаһанды дүрліктірген екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстың да аяқталғанына, міне, жетпіс төрт жыл толды. Сол бір қаһарлы жылдардың куәгерлері – ардагерлер қатары да тым сиреп барады. Осынау айтулы күнге орай ауданымызда ауқымды іс-шаралар белең алуда. Кеше, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қазыналы қарт, Жақаш ауылының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері, екінші топтың мүгедегі Өнербай Молдабаевтың отбасына барып, майдангерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Рахматілдә Сегізбайұлы мерекелік сыйлықтарын беріп, қарт жауынгердің денсаулығын, хал-жағдайын сұрап, емен-жарқын әңгіме құрды. От пен оқтың арасынан аман оралған қарт майдангер жауынгерлік жолдарынан естеліктер айтты. Елімізге бейбіт өмір, ашық аспан тілеген қарт сарбаз осындай айтулы мереке қарсаңында елеп-ескеріп, құрмет көрсеткен аудан басшылығына алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.

Нұрболат СУРАНШИЕВ.

Обновлено 08.05.2019 21:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін84
mod_vvisit_counterКеше401
mod_vvisit_counterОсы аптада485
mod_vvisit_counterӨткен аптада3151
mod_vvisit_counterОсы айда9170
mod_vvisit_counterӨткен айда19540
mod_vvisit_counterБәрі984128

Серіктестер