Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында №14 сайлау округінен депутат Ерлан Әшірбековтің төрағалығымен алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХVІ сессиясы өткізіліп, оның күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

Алдымен сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №38-3 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде ағымдағы жылғы 30 наурыздағы облыстық мәслихаттың №34-2 шешімі негізінде бюджеттің кірісі (трансферттік түсімдер) ұлғайып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, аудан бюджетінің шығыс бөлігі, атап айтқанда, "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер", "Қорғаныс", "Білім беру", "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру", "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық", "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік", "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары", "Өнеркәсіп, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі", "Басқалар", "Борышқа қызмет көрсету", "Көлік және коммуникация" функционалдық топтарына бөлінген қаражаттар кемігенін жеткізді.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселе алдын ала талқылаудан өтіп, тиісті ескертпелер берілгендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады. Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселеге қатысты тиісті шешім қабылданып, аудандық бюджетке өзгерістер енді.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін175
mod_vvisit_counterКеше258
mod_vvisit_counterОсы аптада175
mod_vvisit_counterӨткен аптада2396
mod_vvisit_counterОсы айда8889
mod_vvisit_counterӨткен айда15544
mod_vvisit_counterБәрі1013931

Серіктестер