Онлайн газет



БОЛАШАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігі  белгіленді.  Қоғамдық кеңестің мүшелері бұл шешімге үлкен түсіністікпен қарап, аталған шараның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

Ата-бабаларымыз  аңсаған  тәуелсіздікке қолымыз жетіп, егемен ел атандық.
Біздің өзіміз тәуелсіз елімізбен бірге өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің қиыншылығын да, жемісі мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын өзіміз де бірге көріп, бірге ілгері жылжудамыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында қазақ елі іргелі ел болып, әлемге танылды.
Тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр.
Бүгінде елдің әлеуметтік  әл-ауқаты көтеріліп, барлық сала өркендеу үстінде. Алда - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену міндеті тұр. Сондықтан ел алдында тұрған келелі міндеттер мен Елбасының ұсынған әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырудан өзекті ештеңе жоқ.
Кез келген сайлау қоғамды ізгілендіру мақсатында өтеді. Алдағы сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында алға қойған басты  бағыттарын одан әрі  іске асыруға  мүмкіндік беріп қана қоймай,  халықты топтастырып, еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті  нығайтуға қызмет ететін болады.
Президентті халық  таңдайды, халық сайлайды. Сондықтан осындай жауапты кезеңде сайлауға қатысу азаматтардың  өзін-өзі құрметтеуі ғана емес, ел келешегінің,  ұрпақ алдындағы жауапкершілігін көрсетеді деп білеміз.

Жұманғали Құмғанбаев,
аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін74
mod_vvisit_counterКеше401
mod_vvisit_counterОсы аптада475
mod_vvisit_counterӨткен аптада3151
mod_vvisit_counterОсы айда9160
mod_vvisit_counterӨткен айда19540
mod_vvisit_counterБәрі984118

Серіктестер