Онлайн газет



БІРЛІК - ЖЕТІСТІК БАСТАУЫ

Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған азаттық пен еркіндік бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиді. Тәуелсіздік – біз үшін ең қасиетті құндылық. Сондықтан да оны қадірлеп, қастерлеу – әр азаматтың міндеті саналады. Бүгінде егемендігіміздің арқасында еліміз елеулі жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды.

Еліміздің бүгінгі күнге дейін қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі-тәуелсіздік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты,  өрісі кең халық екенін әлем білді.
Тәуелсіздік арқылы ұлы  мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық  қана қоя алатындығын уақыт көрсетті. 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан Тәуелсіздігін әлем елдері мойындады. Қазақ елі дүние жүзі бойынша ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан ел ретінде тарих бетіне алтын әріппен жазылды. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті.  56 елдің басын біріктірген Астана саммиті де жоғары дәрежеде өтті. Қысқы Азиада ойындары мен 2017 жылы Астана қаласында өткен “ЭКСПО-2017” көрмесі де табысты өтіп, мәртебеміз биіктеді.
Жалпы тәуелсіз еліміздің әр жылында  алынған асулар мен шыққан шыңдар ауқымды. Ең басты байлығымыз- бабаларымыздан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған бақыт – бірлігіміз. Құнды қазынамыз-тарих  табыстырып, тағдыр тоғыстырған  халқымыздың бірлігі. Дана халқымыз: “Еркіндік қайда болса – елдік сонда, бірлік қайда болса – ерлік сонда” деп айтқанындай, осының барлығы тәуелсіздігіміздің жемістері.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы  құдіретті елге, Астана әлем төріне айналды. Қазақстан деген мемлекетті  естімеген алпауыт елдердің бәрі Астанаға көз тігіп, тәуелсіз еліміздің жетістіктеріне тәнті болуда.
Тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ, оның қадірі еш нәрсемен өлшенбейді. Сондықтан  еліміздің мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатқан Елбасының еңбегіне құрмет көрсетіліп, Астана қаласының  Нұр-Сұлтан қаласы болып  қайта аталуы елдігіміздің белгісі деп білеміз.
Бірлік, татулық пен қоғамдық келісім салтанат құрған жерде  алынбайтын қамал болмайды. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа елдің бірлігін, ағайынның татулығын  бекерден-бекер аманаттап кеткен жоқ. Қазіргі таңда егемен еліміз әлемнің беделді мемлекеттерінің бірі ретінде танылып отырғаны да осы бірліктің жемісі. Сондықтан ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, оны  нығайтуға әрқайсымыз үлес қоса берейік дегім келеді.

Ниязхан Бейсенов,
штаттан тыс тілші.
Түймекент ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін729
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада729
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12030
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001979

Серіктестер