Онлайн газет



ЖОМАРТТЫҚ - АСЫЛ ҚАСИЕТ

Біреуге жақсылық тілеу, қолдан келсе жақсылық жасау, Алла тағаладан жақсылық сұрау адам өмірін мәнді де мазмұнды ететін қайырлы әрекет  саналады.
Сондай-ақ, жақсылық ұлт пен ұлысты, дін мен ділді таңдамайтын болғандықтан, жақсылық жасау арқылы адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, жақсылыққа деген

махаббатын оятады. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету-ізгілікті іс болып табылады.
Жыл  басынан  бері жомарт жүректі жандардың көмегімен әлеуметтік жағдайы төмен көмекке мұқтаж 169 отбасына 2,2 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. 23 қожалық  басшыларының қолдауымен 69 ұсақ мал, 5 ірі қара мал берілді. Айтулы шараға кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары,  аудандық мәслихат депутаттары мен аудан әкімі аппараты, Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, білім бөлімі белсене қатысып, мәрттіктерін танытты.
Алдағы уақытта да көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау шаралары өз жалғасын табатын болады.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 24.04.2019 16:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін750
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада750
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12051
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1002000

Серіктестер