Онлайн газет



ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, «Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру жолдары туралы» аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрлан Оразымбетовтың, «Аудан әкімдігінің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі туралы» аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің басшысы Айнаш Майкенованың, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктерін азайту мәселелері туралы» Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Толқынай Байділдаеваның баяндамасы тыңдалды.
Комиссия төрағасы, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев жерді мақсатты пайдаланудың өзектілігіне тоқтала келіп, аукционға шығарылған жерлердің  мақсатты игерілуіне талдау жүргізу қажеттігін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің сапасын арттыруды, ауылдық округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.
Әсіресе, тұрғындардың сандық технологияны тиімді пайдалануына айрықша мән беру керектігіне екпін салды.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін729
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада729
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12030
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001979

Серіктестер