Онлайн газет



ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН...

Осы күні құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, оны аудан әкімі, комиссия төрағасы Рахматілдә Рахманбердиев ашып, жүргізіп отырды.

Аудандық полиция  бөлімі Жергілікті  полиция қызметінің бастығы Ернар Исмаилов  2018 жылы қылмыстың және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды.
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу  мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынған,- дей отырып, баяндамашы жол-көлік оқиғасы мен бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің өсу себептеріне талдау жасап, алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті және қылмыспен күресті күшейтуге бағытталған шараларды баяндады.
Аудан прокуроры Рустам Әбілхаиров мал ұрлығына тосқауыл қою үшін - мал егелері ірі қара малдарын  суретке түсіріп, малдың ветеринариялық құжаттарына енгізілетін болса, бұл қолды болған малды тезірек табуға ықпал ететіндігін, сонымен қатар, дронды пайдаланудың тиімділігін айтса, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы  Жұманғали Құмғанбаев аудан орталығындағы «Бегей», «Арзан» сынды ірі супермаркеттер маңына автотұрақтар орнату қажеттігін көтерді.
Отырысты қорытқан аудан әкімі Рахматілдә Сегізбайұлы қылмыс және құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-қозғалыс ережесін насихаттау, жасөспірімдермен жасалатын қылмысты болдырмау, көшеде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, комиссия төрағасы азаматтардың құқық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін орнатуды жалғастыру, мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдық округтерде түнгі кезекшіліктерді ұйымдастыру, мал, пәтер, жалпы қылмыс түрлеріне жол бермеу жолдары мен ауыл тұрғындарының өз мал-мүлкіне  жауапкершілікті нығайту қажеттігін, учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруды тапсырды.
Отырыс соңында тиісті қаулы қабылданды.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін475
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6492
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32059
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202789

Серіктестер