Онлайн газет



ТАМЫРЫҢДЫ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғыртуға, білім мен ғылымға үлкен мән бергені мәлім. Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашанда өзекті мәселе болып келген.
Дана халқымыз «Заманына қарай адамы» деп бекер айтпаған. Қазіргі технологиялардың дамыған кезеңіне халықтың санасы сәйкес болуы, бұл бағытта мақсатты да масштабты қызмет жүргізілуі елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізері сөзсіз. Ұлт көшбасшысының осынау құжаттық мәні бар міндеттерін жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Тәуелсіздік тарихи тұлғаларымызды тарих сахнасына қайта шығаруға, оларды кейінгі ұрпағымен рухани жүздестіруге зор мүмкіндіктер берді. «Туған жер» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша «Қазақстанның киелі орындары» картасының 100 нысанының тізіміне Жамбыл облысынан 8 киелі орындар енгізілген болатын. Сол киелі орындар картасына кірген нысанның бірі - «Байзақ батыр» кесенесі.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, №3 Байзақ колледжінде «Мәңгілік Ел» рухани дамыту орталығы ашылған болатын. Орталықтың ашылу мақсаты - студент жастарға, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы жол сілтеу және тарих қойнауында қалып бара жатқан батыр ата-бабаларымыздың есімдерін жаңғырту. Осы мақсатта біз туған жердің тарихын білуге, оны студент жастарға түсіндіру үшін Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесіне барып, батырдың өмір жолымен, батырлығымен, шешендігімен, халыққа тигізген орасан зор пайдасын насихаттап, тарихшылармен кездесулер ұйымдастырылды.
Азаттық үшін арпалысып өткен, мағыналы ғұмыр зеңбірек аузында үзілген халық батыры Байзақ батыр Мәмбетұлы бабамызға деген құрмет ешқашан үзілмек емес. Ендеше, тарих қойнауына терең үңіліп, қасиетті Әулиеата топырағынан өніп шыққан, есімдері иісі қазаққа белгілі тұлғалар тағылымын бүгінгі және келер ұрпаққа жеткізу ата-бабаларымыз алдындағы перзенттік парызымыз болып табылады.

Ержан Әлішер,
№3 Байзақ колледжі тарих пәнінің оқытушысы, “Мәңгілік Ел” рухани дамыту орталығының жетекшісі.

Обновлено 15.04.2019 11:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін729
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада729
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12030
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001979

Серіктестер