Онлайн газет



Егіс алқабында өнер көрсетті


“Көктемнің әр күні жылға азық” деп есептейтін диханшы қауым үшін нағыз қарбалас шақ басталды. Дала төсінде еңбек көрігін қыздырып жүрген  еңбеккерлерге  рухани азық сыйлауды мақсат еткен Мырзатай ауылдық  клубының меңгерушісі

Ұ. Сейдуалиеваның ұйытқы болуымен “Ауылым-алтын бесігім” тақырыбында “Әжелер” тобы мен домбырашылар үйірмесі ауыл аумағындағы егіс алқаптарында  болып, концерттік бағдарламасын ұсынды. Шілденің шіліңгір  ыстығында егін орып жатқан диқаншылар “Әжелер тобының”  орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың, талантты әнші Ү. Жәдігердің  әуелете шырқаған “Ару ана” әндеріне айрықша қошемет көрсетті.
...Қос ішектің бірін қақта,
Бірін сол- сәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ  домбыра,- деп ақын  Қадыр Мырзалы  жырға қосқандай, екі ішекті домбыраға кезек келді.  Айдана Тілеубаева  жетекшілік ететін домбырашылар үйірмесі  “Ерке сылқым”, “Салкүрең”, “Кеңес“ күйлерін күмбірлетіп, күй әлеміне сапар шеккізді.
Аптап ыстыққа қарамай дала төсін ән мен күйге бөлеген  өнерпаздарға “Медеу” шаруа қожалығының ұжымы атынан комбайнер Абу Дошметов пен тракторист Бақтыбай  Жүнісов  алғысын айтты.                                                                            
Өз тілшіміз.

 

Обновлено 12.08.2013 12:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін786
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3078
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10719
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262388

Серіктестер