Онлайн газет



ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы осал топ өкілдерін қолдау, ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 пайызға арттыру және бюджеттік мекемелердегі 275 мың қызметкердің де еңбек ақысын өсіруді Үкіметкетапсырды. Елбасының Жолдауын қоғам қайраткерлері, ғалымдар, еңбек ардагерлері және түрлі салалардың өкілдері тікелей эфир арқылы көрді. Өз ой-пікірлерін жеткізді.
Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Елбасы, тәуелсіздік жылдары атқарылған қыруар жұмыстар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз қалағанын мәлімдеді. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасындабіздіңотан әлемдік кеңістікте өз беделін арттырып келеді. Экономикасы қарқынды дамыған елде азаматтардың да өмір сүру сапасы да жақсарып, негізгі салаларды өркендетуге бағытталған бағдарламаларсәттіжүзегеасуда. Қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру одан әріжалғасабермек.
Елбасы экономиканың негізгі күші саналатын шағын және орта бизнеске барынша одан әрі қолдау көрсетілуі керек деді. Бизнестің жол картасы бағдарламасын 2025 жылға дейін созу қажеттігін атап өтіп, оған әр жылы 30 миллиард теңге бөлуді қарастыру керектігін айтты. Ал, осы жылдың қаңтарынан бастап, салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетінде толық іске асыру керектігін баса айтты.
Президент өз Жолдауында әлеуметтік саладан өзге бағыттарда да тың жұмыстардың атқарылуы қажеттігін айтты. Медицина, білім, туризм, мемлекеттік қызмет және инфрақұрылымға басымдық берді. Соның ішінде, жол салу құрылыстарына мән беру керек деді.
Елбасының жолдауында айтылған басты бағыттарға орай енді Ақтөбе өңіріндегі ауқымды жұмыстар, игі бастамалар одан әрі қарқын алатын болады дейді ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, Оның ішінде, дамуы тұрақты жолға қойылған құрылыс саласы, егіс аумақтары мен суармалы жерлерді ұлғайту, балабақша мен мектептерді салу және ауыл-аймақтар мен аудан аралықтарын жалғайтын жол құрылыстары серпін алатынын жеткізді.
Жалпылай алғанда, жолдау - елдің алда атқарылар жұмыстарын нақтылау, сол арқылы дамуды қамту дейді қоғам белсенділері. Сондықтан да Жолдауды қолдау баршамыздың мәндетіміз.

Ерғазы Тілеубеков,
аудандық сотының төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1314
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7331
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32898
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203628

Серіктестер