Онлайн газет



ЦИФРЛАНДЫРУ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен кезекті жиын болып өтті. Аталмыш жиынның күн тәртібіне он бір мәселе шығарылды.

Алдымен "Жергілікті атқарушы органдарда 2018-2019 жылдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы" аудан әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысы Қуан Байжұмаев баяндама жасады. Өз сөзін аудан аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсеткіштері мен кемшіліктерін слайдпен байланыстыра баяндаған Қуан Орманбекұлы аудан басшысының сынына ұшырады. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанымен, баяндамада көрсетілген көрсеткіштердің салыстырмалы түрде төмен нәтиже екенін алға тартқан Рахматілдә Сегізбайұлы өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары төрт ауылда ғана ашылғанын, қалған ауылдық округтерде әлі күнге шешімін таппағанын, автоматты жүйеге көшу мәселесіне байланысты қосымша қаржы көздерін қарастыру қажеттігін нақтылады. Баяндамада айтылған кемшіліктерге байланысты аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің басшылары түсінік берді. Бүгінде цифрландыру - өзекті мәселе болып табылатындықтан аудан әкімі тиісті сала басшылары мен ауыл, ауылдық округтер әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Жарыссөзге шыққан Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Еркін Заурбеков пен аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шары Абдурасулов өз салаларына қатысты есеп берді.


Бұдан кейін күн тәртібіндегі "Аудан әкімдігінің 2019 жылдың II -тоқсанына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы", "Ауылдық елдімекендерде жұмыс істеу және тұруға келген  мамандарға көтерме жәрдемақы беру туралы" және "Ауылдық елдімекендерде жұмыс істеу және тұруға келген маманға бюджеттік несие беру туралы" мәселелер толықтыруды қажет етуге байланысты кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер ретімен қаралып, оның әрбірі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 03.04.2019 17:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1374
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5515
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31082
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201812

Серіктестер