Онлайн газет



ТӨРЛЕТ, ТӨЛ МЕРЕКЕ, ӘЗ НАУРЫЗ!

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Наурызда аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында “Тілдерді оқыту орталығының” аудандық бөлімшесінде “Төрлет, төл мереке, әз Наурыз!” тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Оған аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, бөлімше оқытушылары, қандас бауырларымыздан құралған топ тыңдаушылары қатысты.
Наурызға арналған шараны бөлімше оқытушысы Алмаш Антеева ашып, мерекенің тарихы мен салт-дәстүрлерінен кеңінен ақпарат берген соң, топ тыңдаушыларының мың бұралған бишілері “Наурыз-думан” биін орындады. Одан соң аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гаухар Таласбекқызы, “Тілдерді оқыту орталығы” аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Рабиға Лесбекқызы жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Бұдан кейін қатысушылар “Көрісу” дәстүрін көрсете отырып, бір-біріне  деген тілектерін жеткізді. Топ тыңдаушылары ұлттық ойындарды ойнап, өзара мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтып жарысты. Қол күресінен ұлдармен қатар қыздар да күш сынасып, «Асық ату»  ойынында ептілік, жылдамдық, мергендіктерімен дараланды.
Мерекелік кеш соңында ұлттық ойындар мен мақал-мәтел айтудан топ жарған үздік қатысушыларға Гаухар Тәукебаева сыйлықтар табыс етті.

Алтынай Жамбулова,
«Тілдерді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінің оқытушысы.

Обновлено 01.04.2019 12:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1852
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5993
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31560
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202290

Серіктестер