Онлайн газет



“XXI ҒАСЫР МАМАНДЫҚТАРЫ” ФЕСТИВАЛІ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Саналы Азамат» бағытын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйытқы болуымен Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінде «XXI ғасыр мамандықтары» тақырыбында аудандық мамандықтар фестивалі болып өтті.

Аудан аумағындағы білім беру мекемелерінің 9,10,11 - сынып оқушылары мен ата - аналары қатысқан шараны аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Эльмира Шолпанқұлова ашып, өткізіліп отырған фестивальдің мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
Мамандықтар фестивалінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Тараз – Болашақ» медициналық колледжі мен «Тараз - Ғасыр» колледжінің өкілдері қатысып, кәсіптік бағдарлар жүргізді.
Жаңа форматта ұйымдастырылған аудандық фестивальде арнаулы оқу орнының өкілдері  ата-аналар мен оқушыларға мамандықтарды көрсетіп, қолданбалы машықтық сынама жасату арқылы түсіндірді. Аудандық фестивальде жиналған мектеп директорларының  бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар мен оқушылар мамандықтар таңдауда мол мүмкіндік қарастырылғандығына ризашылықтарын білдірді.
Мамандық фестивалі барысында бағдарлама бойынша «Адалдық дүкені» ашылды. Сатушысы жоқ адалдық дүкенінде оқушылар өз ар - сындары бойынша адалдықпен сатып алуы күтілді. «Адалдық дүкені» жобасы - оқушылардың қаржылық білімін көтеруге және тұлғаның өзін-өзі ұстап жемқор болмауына тәрбиелеуге арналған адалдық алаңы болды.
Фестивальге жиналған ата - аналар мен жоғары оқу орнынан келген қонақтарға Наурыз мерекесіне орай құрмет көрсетілді. Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Ғалымжан АҚБЕРДИЕВ,
№3 орта мектебінің директоры.

Обновлено 01.04.2019 12:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1351
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5492
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31059
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201789

Серіктестер