Онлайн газет



НАУРЫЗ

«Ұзын сары» түстеніп, «Үт» кіреді,
«Үт» кірсе ел аралап Құт жүреді.
"Ғайып ерен, қырық шілтен" - Қыдыр шалса,
Иншалла, қабыл болар жұрт тілегі.

Ырысы мол, Ұлысы оң, шешімі нық,
Мейірімнің мерейі өсіріліп,
Кешіріліп кінә, өкпе Жер жадырар
Ардай ақ бәйшешегін төсіне іліп.

Алау таң, арай нұрын шашып қалып,
Қар жармасар шың-құзға қашып барып.
Жылға, бұлақ шапқылап шаттанады,
Шалқиды өзен, көлдер тасып, лағып.

«Алтын күрек» - береке берешегі,
Ғарыштан ғажап жылы жел еседі.
Иығын тірестіре тең отырып,
Күн мен Түн келешекті кеңеседі.

Көкейде сәруар сезім шамын жағып,
Жайнатар жанның жауһар бағын барып.
Кесір мен кесапатты көмескілеп,
Көрсетер Ұят, Иман, Арыңды анық.

Жоғалып, қаскөй, қорқау, сараң тіптен,
Абызға айналады адам біткен.
Аллаға аян, айқара құшақ жайып,
Адалдық көріседі адамдықпен.

Қызуындай тамырға тарар қанның,
Қызыл нұрдан тасы ерір Самарқанның.
Жылы ағыннан жан-жүйесі еміреніп,
Жүрегіне гүл шығар тәмәм жанның.

Үкілеген Үкіметті үлестіріп,
Қиқулап көктен құстың үні естіліп,
Наурыздың Науша көші келді міне,
Құт, Ынтымақ, Ырысты ілестіріп.

Жүзі нұр, жаны жібек, назы мақта,
Пенделер періште боп азыраққа,
Күпірлік шүкірлікке ауысқан сәт,
Ия Аллам! Осы күйден ажыратпа.

Жанатбек ТҰРҒЫНБАЕВ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін190
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6207
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31774
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202504

Серіктестер