Онлайн газет



МЕЙІРІМ, ЫНТЫМАҚ, ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ

"Алас" дегеніміз - "Тазару" деген мағынаны білдіреді. «Көктем шуағы» күнімен бастау алған мерекелік іс - шаралар тізбегі сенбі күні «Алас күнімен» өз жалғасын тапты. Қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында "Таза ауыл, таза көше" тақырыбында аудандық сенбілік өткізілді.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автобиль жолдары бөлімінің мәліметіне жүгінсек, ауылдық елдімекендерде 1 наурыздан бастап үш мәрте сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған жалпы 4 187 адам қатысса, оның ішінде 423-і ақылы қоғамдық жұмысшыларды құраған. Осы сенбіліктер барысында 2 003 дана тал бұталып, 2 602 дана тал әктелген. Сондай-ақ, 59 кездейсоқ қоқыс төгетін орындар жойылып, 102 тонна қоқыс тасымалданған.
Бөлімнің ұйымдастыруымен өткен сенбіде аудан орталығындағы мекемелер қызметкерлерін сенбілік жұмыстарына тарту арқылы "Тараз - Сарыкемер", "Сарыкемер - Дихан", "Сарыкемер - Байзақ" автомобиль жолдарының бойында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Таңертеңгі сағат 9.00-ден бастап сенбілікке аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын, бөлім қызметкерлері мен балабақша, мектеп ұжымдары, барлығы 965 адам қатысып, өздеріне бөлінген аумақтардан қоқыс-қалдықты шығарып, талдарды әктеу және ретсіз өскен бұтақтарды бұтау жұмыстарын атқарған қызметкерлер өзгелерге үлгі болып, ортақ үйіміздің абаттануына біркісідей атсалысты. “Байзақ баба” қорының демеушілігімен “Байзақ баба” кесенесінің айналасы да тазартылып, 700 түп алма ағашының көшеттері отырғызылды. Сарыкемер мектеп-гимназиясының айналасына оқушылардың қатысуымен 200 түп әр түрлі талдар егілді.
Ауданға қарасты барлық елдімекендерде тазалыққа жіті көңіл бөлініп, ауыл-аймақта санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Ағаштарды бұтау мен отырғызу, гүлзарларды тазалау, жасыл желектерді көктемгі-жазғы маусымға дайындау жұмыстары әр сенбілік сайын жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
Наурыз бірлігіміздің, төзімділігіміздің, имандылық пен қайырымдылығымыздың белгісіне айналды. Мейірімділік, жақынына қол ұшын беру қашанда халқымыздың басты құндылығы мен дəстүрі болды. Соның айқын көрінісі ретінде өткен жексенбі, «Мейірім күнінде» аудан орталығы мен ауылдық округтерде тұратын көпбалалы аналар мен әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында “Жан жылуы” қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында 180 отбасына  азық-түлік және киім-кешек түрінде көмектер көрсетілді.
Қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүруде. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.  
Отыздан аса ұлттың өкілі мекендеген өлкемізде ынтымақ пен татулық берік қалыптасқан. Орыс, түрік, кәріс, неміс, дұнган ұлттық мәдени орталықтары да қоғамдық-саяси, мерекелік іс-шараларға белсенді қатысып, Елбасының саясатын насихаттауда, ұлттар бірлігінің нығая түсуінде үлестерін қосып келеді. 
“Ынтымақ күніне” байланысты аудан орталығындағы Кенен Әзірбаев атындағы саз мектебінде “Отаны бірдің - тілегі бір” атты мерекелік іс-шара өтіп, онда өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен бірлікті дәріптеді, күмбірлете күй тартып, әсем әндерді шырқады, қолөнер  бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара ауданның 38 мектебі мен 27 балалар бақшасында, сондай-ақ, ауылдық округтерде жалғасын тапты.


Кеше “Жаңғыру күніне” орай, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев орталық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, дүниеге перзент әкелген бір топ аналарды, атап айтқанда, жетібайлық Толғанай Кудиярова, сарыкемерлік Рухсар Жамед пен Толғанай Қанатбекова, бурылдық Назира Кырғызбаева мен дихандық Назира Сейтованы ұлық мереке - Наурыз мейрамымен құттықтады. Елімізде ана мен балаға  жасалып жатқан қамқорлықтарға тоқтала келе, жас аналарға сыйлықтарды табыс етіп, сәбилерге мықты денсаулық пен жарқын болашақ тіледі. Сонымен бірге, Рахматілдә Сегізбайұлы Бәйтерек ауылдық округінде жаңадан туылған әр нәрестенің құрметіне «Сәбилер аллеясы» шарасы қолға алынып, жас ағаш көшеттері отырғызылғандығын, ағаш тамыры – әке де, діңгегі – ана екендігін,  ата-ананың бір міндеті – баласы үшін тағы бір ағаш егу парыз екендігін айтып, бұл бастаманы біркісідей қолдау қажет екендігін жеткізді.
Мерейлі мереке қарсаңында өздерін құрметтеп келген аудан басшысына жетібайлық Толғанай Кудиярова алғысын айтып, ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Бұл күні аудан бойынша 32 жас анаға сый - сияпат көрсетілді.

Өз тілшілеріміз.

Обновлено 20.03.2019 12:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1559
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5700
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31267
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201997

Серіктестер