Онлайн газет



ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ЕГІЛДІ

Наурыз мерекесiнде, әсіресе, табиғатқа да ерекше қамқорлық жасалып отырған. Халқымыз “Бір тал кессең, он тал ек” деген қанатты сөз бар. Табиғат-Ананы аялау жəне оны қамқорлыққа алу мақсатында «Өтеміс» балалар бақшасында көптеген жұмыстар атқарылуда.

«Nur Оtan» партиясының 20 жылдық мерекесі және “Тағзым” күніне  орай, «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!”атты акция ұйымдастырылды. Оған «Nur Оtan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нілзия Рақышева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Ермеков, қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары Сәбит Айтбаев және Қыдырхан Оралов, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Тазагүл Кадимова, кәсіпкер Ләззат Жабатаева қатысып, Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқтала келе, ағаш егудің пайдасы, табиғатты қорғаудың маңызы туралы ойларымен бөлісіп, бақша бүлдіршіндерінің өнерін тамашалады.
Бүгінгі таңда, бақшада 160 бала 6 топта тәрбиеленуде. “Шұғыла” ересектер тобының бүлдіршіндері Наурыз, бірлік, ынтымақ туралы тақпақтарды жатқа оқып, “Кукарелла” биін әдемі билеп шықты.“Алау” мен “Нұршуақ” ортаңғы тобының өскіндері  түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, “Дастархан” және “Мамми” әндерін әуелете шырқады. “Шұғыла” ересектер тобының тәрбиеленушілері Айзере мен Нұралы қыз бен жігіт айтысынан үзінді көрсетті. Балғын әншілер Аруна мен Сезім “Әже” әнін, “Нұршуақ” ортаңғы тобы “Наурыз - думан” әнін тамылжыта орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, бақша бүлдіршіндері  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән айтып, “Атамекен” әнімен шараны түйіндеді.
Бұдан соң шара қатысушылары бақша аумағындағы баққа бет алды. Мұнда «Nur Оtan» партиясына 20 жыл» атты арнайы тақтайша ілінген аллеяға қонақтар бүлдіршіндермен бірге алма, шие, алмұрт сынды жеміс ағаштарының көшеттерін екті.
- Бақшаның айналасын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға белсене қатыстық. Өйткені, бүгін ағаш көшеттері егілген бақтың өнімдерін 3-4 жылдан кейін бақша бүлдіршіндері пайдаланып, саясында демалып, ойнайтын болады,-дейді бізбен әңгімесінде аудандық  Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев. -Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар емес пе? Сондықтан  ағаш егіп, игілікті істің басында болу - сауабы мол іс деп білеміз.
Бақта 30 түп бүлдірген, 40 түп алма, 20 түп алмұрт, шабдалы,  қарақат, басқа да жеміс түрлері егілген. Алдағы уақытта бақша ауласына сәндік ағаштарды егу жоспарлануда.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 20.03.2019 12:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін920
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6937
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32504
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203234

Серіктестер