Онлайн газет



өтініш берудің жаңашылдығы

Банк сайтында (www.hcsbk.kz) 2013 жылдың 18 шілдесінен бастап «Халықтың барлық санаты үшін» бағыты бойынша баспананы сатып алушылар пулына өтініш бергендер туралы ақпаратты  on-line режимінде көру мүмкіндігі енгізілді.
Баспана сатып алу/жалға алу пулына қатысу туралы өтініш Банкте  тіркелген сәттен бастап ол туралы ақпарды Банк сайтында (www.hcsbk.kz) «Салынып жатқан баспана тұрғын үйлерді сатып алу» бөлімінен көруге болады.
Пул бойынша өтініштерді тіркеу уақыты мен деректі тексеру үшін жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша сайтта қаланың атын, құрылыс объектісін, пулдың нөмерін таңдау қажет. Аталмыш бөлімде нақты пулдар бойынша бағдарламаларға қатысу туралы берілген өтініштердің сандық көлемі жөнінде ақпаратпен танысуға болады.Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын пулға қатысу туралы ақпарат өтініштер қабылданып болғаннан соң ғана Банк сайтына енгізілетін. Жаңа тәртіп арқылы клиенттер бағдарлама бойынша қабылданып жатқан өтініштер барысында өзінің позицияларын бақылай алатын болады.
Жалпы, пулға қатысу үшін берілетін өтініштердің тәртібі келесі:
Банк тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің қатысушылары үшін нақты құрылыс объектісі бойынша Жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) келісімге қол қойғаннан соң, бұқаралық ақпарат құралдыры мен банк сайтында тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштердің қабылдана бастағаны туралы хабарландыру береді.
Өтіншітер 2 ай бойы қабылданады. Баллдық жүйе бойынша берілген өтініштерде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысудың уақыты мен сапасы есепке алынады, максималды баллдың санына қарай қатысушылардың қатары салынып жатқан пәтерлердің санына қарай іріктеледі. Мысалы, егер 200 пәтерлі үй салынып жатса, ал түскен өтініштер саны 250 болса, онда тізімге максималды балл көрсеткішіне қол жеткізген 200 өтініш беруші ғана  енгізіледі. Ал қалған 50 адам “резервтік” қатарда қалады. Максималды балл жинақтаған 200 өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырып, пәтер сатып алу үшін төлем қабілеттілігін растайды. Егер олардың біреуі төлем қабілеттілігін дәлелдей алмайтын болса, онда тізім “резервтік” қатарда тұрғандармен толтырылады.
Одан кейін баспананы бөлу жұмысы басталып, төлем қабілеттілігін растағандардың тізімі жасалады, алайда пәтерлерді таңдап алудың басымдылығы максималды баллға қол жеткізгендерге беріледі. Өтініш беруші белгіленген күні тізім бойынша салынып жатқан үйде өзіне лайықты пәтерін, қабатын, бөлмелер жобасын таңдап алатын болады. Бұл деректер бағдарламаға қатысу туралы қосымша келісім шартына енгізіліп, оған банк пен клиент қол қояды. Осы мезеттен бастап өтініш берушіге ЖАО тапсырысы бойынша салынып жатқан құрылыс үйдің нақты пәтерін сатып алушысы ретінде бағдарлама қатысушының статусы беріледі.
Енді клиент үй құрылысының аяқталуын күтіп, тұрғын үй құрылыс жинақтарын толтырып отыруы тиіс. Үй құрылысы салынып, пайдалануға берілгеннен кейін ғана баспана сатып алынады.
Кімнің баспанасы болмаса немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту қажет болса, аралық және алдын ала заемдары бойынша жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелер қарастырылған (теңгемен жылдық 8 %, алдын ала тұрғын үй заемдарына жылдық тиімді мөлшерлемесі 8,3 % бастап, теңгемен жылдық 6,5%-7,6 %, аралық тұрғын үй заемының жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,2 %).
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен алу  үшін бағдарлама қатысушысы келесі талаптарға сай болу керек:
1) Өтінші берушінің және оның отбасы мүшелерінің бағдарламаға қатысуға өтініш берілетін елді мекенде меншік құқығында баспанасының болмауы немесе сондай-ақ оның отбасы  мүшелерінің меншігіндегі пайдалы ауданның көлемі бір отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден кем болғанда өтініш берушінің тұрғын үй  жағдайларын жақсарту қажет;
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің өтініш берілетін елді мекенде соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату деректерінің болмауы;
3) өтініш тапсырылған елді мекенде тіркелу керек (2-жыл);
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралманның статусының болуы шарт.
Тұрғын үй заемын алу уақыты әлі келмегенде және алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын ала алмайтын өтініш берушілер болса, олар пәтерді ұзақ мерзімдік жалға алу арқылы оны жеке меншікке сатып алуына құқылы.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
www.hcsbk.kz

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін846
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6863
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32430
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203160

Серіктестер