Онлайн газет



КИНОТЕАТР ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

Бурыл ауылында кәсіпкер Ғалымжан Мақұлбаевтың демеушілігімен «Астана-парк» кинотеатры ашылды.
Жаңа кинотеатрдың ашылу салтанатына жиналған жұртшылық алдында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев құттықтау сөз сөйледі.

Аудан басшысы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында өңірімізде іргелі жұмыстар қолға алынғандығын атап өтіп, ел игілігіне берілген кинотеатр тұрғындар мен өсіп келе жатқан жастардың сүйікті демалыс орнына айналатындығын айтып, жұртшылықты қуанышымен құттықтады. Бұдан соң Бурыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сады Қуатов ілкімді азаматтың туған жеріне жасап жатқан тартуына ризашылығын білдірді. Ардагер  Маматай Несіпбаев  көпшілікке бата берген соң, кәсіпкер Қайрат Әбітаев еліміз бойынша ауылдық жерлерде бірінші болып ашылған кинотеатр екендігін айтып, туған жерге қызмет етудің өзі бақыт екендігін жеткізді.


Бұдан соң кинотеатрдың лентасы қиылып, шашу шашылды. Аудан басшысы Р.Рахманбердиев, мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов бастаған бір топ азаматтар ғимараттың ішін аралап, көрермен назарына ұсынылатын фильмдерді тамашалады.
Кинозал 54 адамға арналған, фильмдерді 3D форматында көру үшін арнайы көзілдіріктермен қамтылған. Жұмысын түскі  сағат 13-40-тан бастайтын кинозалда, кешкі сағат 24.00-дейін көрермендер талғамына қарай әртүрлі фильмдер көрсетіледі екен. Бағасы да қолжетімді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, мүмкіндігі шектеулі балалар киноны тегін көре алады.
Кино орталығының ашылуына келген тұрғындар қуанышында шек жоқ. Әсіресе бүлдіршіндер сүйікті мультфильмдерін көретіндігін айтып, мәз-мейрам болуда.
- Ауылымызда 3D кинотеатры ашылғанына қуаныштымын. Ендігі жерде әлемдік премьераны тамашалау үшін  арнайы  Тараз қаласына бармайтын болдық. Болашақта кинотеатр тұрғындар мен жастардың рухани азық алатын ордасына айналатындығына сенімдімін,- дейді  бізбен әңгімесінде ардагер ұстаз Құрманкүл Қасымова.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 13.03.2019 11:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін88
mod_vvisit_counterКеше401
mod_vvisit_counterОсы аптада489
mod_vvisit_counterӨткен аптада3151
mod_vvisit_counterОсы айда9174
mod_vvisit_counterӨткен айда19540
mod_vvisit_counterБәрі984132

Серіктестер