Онлайн газет



АБЫЗ АНА АРДАҚТАЛДЫ

Аймақтың өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп, ауданға үлес қосқан ақ жаулықты әжелер қаншама?  Мереке қарсаңында, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен Суханбаев ауылдық округінің әкімі Қайрат Шалбаев ғасыр жасаған ананы көктем мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
1918 жылы Свердлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келіп, бүгінде Жақаш ауылында тұратын 100 жастағы әже Бибігүл Бейсеитова жастайынан еңбекке араласқанын, небір қиын кезеңдерді бастан кешкенін ерекше тебіреніспен еске алды. Ақ жаулықты ана өмірінің жартысын колхозда ауыл шаруашылығына арнаған. Маңдай тер, адал еңбегінің арқасында екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, бүгінде 12 немересі мен 35 шөбересінің қызығын көруде. Қазыналы қарт ананың өмірі қазір көпке үлгі. Ғасыр жасаған әженің шаңырағына барып, арнайы мерекесімен құттықтаған Дәуір Рысбайұлы абыз анаға гүл шоқтарын табыс етті. Ал, балаша қуанған әже ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.
Ардақты аналарға құрмет көрсету  жылда дәстүрге айналған. Десе де, елеулі еңбектері мен қоғамға қосып жүрген үлестері әрдайым халық жадында.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін87
mod_vvisit_counterКеше401
mod_vvisit_counterОсы аптада488
mod_vvisit_counterӨткен аптада3151
mod_vvisit_counterОсы айда9173
mod_vvisit_counterӨткен айда19540
mod_vvisit_counterБәрі984131

Серіктестер