Онлайн газет



КӨМЕК БЕРІЛДІ

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.

Осы мақсатта, аудан әкімдігі білім бөлімінің тарапынан да бірқатар қайырымдылық шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, білім бөлімінің ұйытқы болуымен Сарыкемер, Бурыл және Қостөбе ауылдық округтерінде тұратын аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен жеті бірдей отбасыға қайырымдылық көмектер көрсетілді. Қайырымдылық шара барысында аталмыш отбасыларға жалпы құны 105 мың теңгені құрайтын азық-түлік өнімдері (бір қап ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы, күріш, қант, тұрмыстық химиялық заттар) таратылды. 
Әрине, мұндай игілікті жұмыс қашан да жауапсыз қалмайды. Отбасының мүшелері шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдіріп, қызметкерлерге жұмыстарында табыс, отбастарында шексіз қуаныштар тіледі. Осындай қайырымдылық шаралар алдағы уақытта да, өз жалғасын таба беретін болады.

Разия СӘБИТБЕКОВА,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін18
mod_vvisit_counterКеше409
mod_vvisit_counterОсы аптада3394
mod_vvisit_counterӨткен аптада6813
mod_vvisit_counterОсы айда14541
mod_vvisit_counterӨткен айда15792
mod_vvisit_counterБәрі951680

Серіктестер