Онлайн газет



“КАДЕТТІК СЫНЫП” АШЫЛДЫ

Кадеттік сынып – бұл «Жан досым» балалардың бойындағы интеллектуалдық мінез-құлықты және денені дамыту академиясы» аясында «Асыл бала» әскери-патриоттық орталығы және республикалық ассоциациясымен» бірлесіп бастау алған жоба.

«Кадет сыныбы» жобасының мақсаты - «Мәңгілік ел» патриоттық актін жүзеге асыру және жаңа қазақстандық патриотизм идеясы негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және біздің еліміздің болашақ іргетасын қалайтын жастарды әскери-патриоттық тұрғыда әскери қызметке тәрбиелеу, жалпыхалықтық құндылықтарды қастерлеу болып табылады.
Осы мақсатта, Сарыкемер атындағы мектеп-гимназиясында 5-10 сынып оқушылары аралығында «Кадеттік сынып» ашылуына байланысты Байзақ АПБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция майоры Ғалымжан Уразбеков пен Байзақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты А.Атықайдың қатысуымен түсініктеме, саптық жұмыстары жүргізілді және әр тағайындалған кадетке «кадет» деген эмблема тағылды. Кадет сыныбында оқушылар саны 15 адамнан құралды. Оларға кадеттік сыныптың ережесі түсіндіріліп, барлық міндеттер жеткізілді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу шарттары түсіндірілді. Мұндай «Кадеттік сынып» Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясында да ашылды.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 13.03.2019 11:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін10
mod_vvisit_counterКеше409
mod_vvisit_counterОсы аптада3386
mod_vvisit_counterӨткен аптада6813
mod_vvisit_counterОсы айда14533
mod_vvisit_counterӨткен айда15792
mod_vvisit_counterБәрі951672

Серіктестер