Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕР ҚАБЫЛДАУДА БОЛДЫ

15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. Осыған орай, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев  бір топ ауған соғысының ардагерлерін қабылдады.


Өңір басшысы ауған соғысының тарих бетінен алатын орнына тоқталып, аталған шайқасқа ауданнан 68 азаматтың қатысып, ерлік көрсеткендігіне екпін салды. Бүгінгі таңда арамызда жүрген ардагерлердің жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге белсене атсалысып жүргендігін атап өтіп, даңқты батырларға әрдайым құрмет көрсетіле беретіндігін жеткізді.
Қабылдау барысында Рахматілдә Сегізбайұлы  ардагерлерге, атап айтқанда, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықов, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Парахат Есмурзаев, Алик Зиятбеков, Жамбыл Төлепбаев, Болатбек Еменов, Нұрболат Жылысбаев, Ғазиз Иманбаев, Мұрат Құрбановқа мерейтойлық медальдар табыстап, әрқайсысының жеке шотына 60 мың теңгеден сыйақы аударылғанын жеткізді. Жат жерде ерлік жасап, мерт болған “Қызыл жұлдыз” орденінің иегерлері жетібайлық  Қайрат Сүлейменов пен кеңестік Ерғали Теміртаевтің інілері Рүстем мен Мейірғалиға, жақаштық Нүркен Абдуалиевтің ағасы Еркінге сый-сияпат көрсетті.
Қабылдауда болған ауған соғысы ардагерлері атынан  сөз алған түймекенттік Болатбек Еменов ардагерлерге деген құрметі мен қамқорлығы үшін аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, қорғаныс істер  жөніндегі бөлімінің бастығы, полковник Көпбосын Нұрдинов,  аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев қатысты.

Лайықтыларға – құрмет
Кеше, аудандық әкімдіктің мәжілістер залына жиналған ауған соғысы ардагерлерін аудан басшысы Рахматілдә Рахманбердиев  құттықтап,  туған елден тыс жерде арына дақ түсірмей Отан алдындағы борышын өтеу жолында  сан түрлі қақтығыстарды бастан кешкен азаматтардың ерліктері  жас буынды отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелейтіндігін атап өтті.Ерлігі мен қаһармандығы  үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен екі рет марапатталған  Болотбек Саттаровқа, одан соң барлық  ардагерлерге мерейтойлық медальды салтанатты  жағдайда табыстады.              

Ерлікке - тағзым
Бұдан кейін мекеме, ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер мен қалың жұртшылық  ауған соғысы құрбандарына орнатылған ескерткіш маңына жиналды.
Жиынға қатысушылар соғыста құрбан болған және дүниеден өткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Мың алғыс саған, Ардагер!
Осы күні ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын  ұйымдастырылды. Алдымен ауған жеріндегі ұрыс, қазақстандық жауынгерлердің ерлік істері туралы бейнефильм көрсетілді.
Жиналыста аудан әкімі  Рахматілдә Рахманбердиев он жылға  созылған соғысқа 22 мың қазақстандық  қатысқандығын, олардың 947-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, 21 адам хабар-ошарсыз кеткендігіне тоқталды. Аталған соғысқа ауданымыздан 68 жас қатысып,  3-і ерлікпен қазақ тапқандығын, бүгінде арамызда 82 ауған соғысының ардагері ел дамуына өзінің үлесін қосып отырғандығын жеткізді. Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарған сарбаздарды айтулы күнмен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбастарына бақ-береке тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Бесбаев ауған соғысы тарих бетінен лайықты орын алатындығын, ерлік ешуақытта ұмытылмайтындығын айтты. Аудан соғысының ардагері Мұрат Құрбанов қаруластарын мерекемен құттықтап,  майдангерлер атынан көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Салтанатты шара бұдан кейін марапаттау сәтіне ұласты. Аудан басшысы Рахматілдә Сегізбайұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасын аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудандық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сәкен Сыздықовқа табыстады. Сондай-ақ, бір топ ардагерлер аудан әкімінің Грамотасы және Алғыс хатымен, аудандық “Нұр Отан” партиясының Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік шара барысында ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне көріністер көрсетіліп,  ән мен күйден шашу шашылды.

Гүлшахар Әбдіқұлова.
Нұрболат СҰРАНШИЕВ.

Обновлено 18.02.2019 11:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1234
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7251
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32818
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203548

Серіктестер