Онлайн газет



АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

15 ақпанда Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толды. Осыған орай, Қостөбе ауылдық клубы мен мектеп ұжымының ұйытқы болуымен  ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

«Ауған асуында от кешкен» тақырыбындағы кеш шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылған соң, көпшілік назарына ауған жеріндегі соғыс  пен сол соғысқа қатысқан жауынгер-интернационалистердің ерлігі туралы бейнерөликтер көрсетілді. Одан кейін Қостөбе ауылдық округінің әкімі Дәурен Тәжібеков сөз алып, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ардагерлердің еңбегі зор екендігін айтып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Округ әкімі аппараты атынан ауған соғысы ардагерлеріне сый-сияпаттар табыстап, Алғыс хатпен марапаттады.
Мектеп оқушылары ардагер ағаларына арнап патриоттық әндер шырқап, жоғары сынып оқушылары алғашқы әскери дайындық пәні бойынша өз бейімділіктері мен өнерлерін көрсетті. “Мені, апа ұмытпа!” тақырыбындағы қойылым көрсетіліп, «Гүлсім» балалар бақшасының тәрбиеленушілері мың бұрала билеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында ауған соғысының  ардагерлері Марат Атабеков, Ферамус Файратов, Өмірбек Кулесбаев өздерін құрметтеген ауыл әкіміне ризашылығын білдіріп, ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрболат Сұраншиев.

Обновлено 18.02.2019 11:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін491
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6508
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32075
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202805

Серіктестер