Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕР ШЫҚТЫ АЛАҢҒА

Үстіміздегі жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30 жыл толады. Осы мақсатта ауданда бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Өткен жұмада аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылының спорт кешенінде Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған спорт ардагерлері арасындағы волейболдан аудандық турнир өткізілді.
Турнир 50 жас және одан жоғары туылған аудан тұрғындарын спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту және Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізде еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров турнирге қатысушыларға осы жарысты әрі қарай жүйелі түрде өткізуге және қанша үлкен жас шамасына келсе де спорт адам денесін жасарта түсетіндігін айтып, спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырды.
1969 жылы және одан жоғары туылған тұрғындар арасында өткізілген волейбол турниріне барлығы алты команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды Бурыл ауылының командасы, екінші орынды Жаңатұрмыс ауылдық округінің және бас жүлдені Сарыкемер ауылының құрамасы жеңіп алды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тағайындаған Диплом, медаль, Кубоктармен марапатталды.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 13.02.2019 15:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1755
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5896
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31463
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202193

Серіктестер