Онлайн газет



ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ - АУДАНЫМЫЗДА

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Бақытжан Ертаев кеше ауданымызда болып, бірқатар нысандарды аралады.  Халық қалаулысын аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев қарсы алды.

Бақытжан Ертайұлы алғашқы іс сапарын Сарыкемер ауылындағы №2 балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін аралаудан бастады.  Спорт кешені туралы аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров айтып берсе, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында спорт мектебінің директоры Аслан Айтбеков таныстырды. 2018-2019 оқу жылынан бастап, спорт мектебінде 13 спорт түрлерінен барлығы 88 оқу тобы жасақталған. Бұл барлық оқу-топтарындағы оқушылардың саны – 1 072 спортшыны құрайды. Бүгінгі күнде, осы 1 072 спортшы мен 28 жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс атқарады, оның ішінде, 2 жоғары санатты, 1 бірінші санатты, 6 екінші санатты жаттықтырушылар бар.
Мектептегі 13 спорт түрінің 10-і олимпиадалық 3-і олимпиадалық емес спорт түрлерімен  қамтылған. Мектепте бүгінгі таңда, 13 спорт түрлерінен, атап айтқанда, бокс, дзю-до, волейбол, үстел теннисі, грек-рим күресі, баскетбол, қол күресі,  ауыр атлетика, қазақ күресі, футбол, таэквондо, еркін күрес, асық ату бөлімдері жұмыс істейді.
Спорт мектебі ашылған 2006 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін 12 жыл ішінде 262 спорт шеберіне үміткер, 44 спорт шеберін және 6 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындап шықты. Ауданда алғаш рет 2017 жылы спорт мектебінен қол күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы атағын Ілияс Жансақалов алған.
Халық қалаулысы бұдан кейін "Еңлік" жекеменшік балабақшасында және жеке кәсіпкер Ләззат Жабатаеваның сауықтыру орталығында болды. Парламент депутаты қарапайым халықты толғандыратын әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй бағдарламалары жөніндегі негізгі мәселелерді түсіндіре отырып, Заңға өзгерістер енгізудегі ерекшеліктерді тілге тиек етті.
Жұмыс сапарын аудандық тарихи-өлкетану мұражайының тыныс-тіршілігімен танысумен аяқтаған Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Нұрболат СҰРАНШИЕВ.

Обновлено 11.02.2019 15:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1634
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5775
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31342
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202072

Серіктестер