Онлайн газет



ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІ сессиясы болып өтті. №13 сайлау округінен сайланған депутат Артықбай Үкібаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

Алдымен сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова “Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы” аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселе алдын ала талқылаудан өткендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады. Сессия отырысы соңында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тиісті шешім қабылданды. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, келесі сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін520
mod_vvisit_counterКеше544
mod_vvisit_counterОсы аптада3701
mod_vvisit_counterӨткен аптада3997
mod_vvisit_counterОсы айда12143
mod_vvisit_counterӨткен айда16947
mod_vvisit_counterБәрі967936

Серіктестер