Онлайн газет



КЕЗЕКТЕН ТЫС XXVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай өткізілетін партия съезі қарсаңында, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті. Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қаралып, талқыланса, жарыссөзге шыққандар ұсыныстарын жеткізді.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Мейрамбек Төлепберген, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық мәслихат депутаттары, этномәдени орталықтары мен ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдары және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, партияның белсенділері қатысты.
Жұмысшы органдар сайланып, конференцияның күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілген соң, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын аудан аумағында іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
Конференцияның күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелерге қатысты аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» және «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша сөз сөйледі. «Партиямыздың бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және нақты істермен дәлелдеді. Партия барлық сынақтарға дер кезінде назар аударып, өз бағдарламасын жетілдіріп отырды. Бірігіп өзімізді де, елімізді де өзгерте алдық. Бірақ, қол жеткенге әрине, тоқмейілсіп, тоқтап қалуға болмайды» деді ол. «Таяу онжылдық партия үшін ел игілігіне бұдан да белсенді жұмыс істеу кезеңі болмақ. Нұротандықтар халықтың үміттеріне сай болу үшін барын салып жұмыс істеуі керек. Партияның бағдарламасы аясындағы белсенді жұмыс, еліміздің әрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқаттық қоғамын құруға мүмкіндік береді», - деді Шолпан Қайратқызы.
Баяндамадан соң делегаттар, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерік Әліқұлов, Түймекент ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы Жангелді Айтуғанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Мейрамбек Төлепберген жарыссөзге шығып, өз ұсыныстарын жеткізді. Мейрамбек Мылтықбайұлы Елбасы Жолдауы мен бағдарламалық мақалаларынан туындайтын міндеттер, партия алдында тұрған басым мақсаттар бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта ауданның еңселі экономикасын сомдап, ішкі тұрақтылыққа, әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол жеткізуде жетекші орынды «Нұр Отан» партиясының иелене беретініне сенімін білдірді.


Конференцияның күн тәртібіне сәйкес, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізіліп, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясына өкілдік нормаға сай 22 адам делегат болып сайланды.
Күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданған соң, конференция жұмысы партия әнұранымен аяқталды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

Обновлено 11.02.2019 15:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін37
mod_vvisit_counterКеше395
mod_vvisit_counterОсы аптада817
mod_vvisit_counterӨткен аптада3744
mod_vvisit_counterОсы айда9965
mod_vvisit_counterӨткен айда15648
mod_vvisit_counterБәрі933291

Серіктестер