Онлайн газет



ЕРІКТІ БОЛУ - МӘРТЕБЕ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Жастар жылының шымылдығын ашып, жас толқынға үлкен міндеттер жүктеді. «Біз ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікті  алып бердік. Әрі қарай ұстап тұру Сіздердің  қолдарыңызда» дей отырып, Елбасы тәуелсіздікті тұғырлы ету, ел мүддесіне адал қызмет ету қажеттігін атап өтті. 

Жастар – қоғамның даму келешегін анықтайтын негізгі факторлары болып табылатын халықтың үлкен әлеуметтік тобын құрайтындығы белгілі.Биылғы жылды Жастар жылына арнау – олардың рухани, мәдени, білімдік, кәсіби тұрғыда жан - жақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасауға мүмкіндік береді.
Аудан халқының 24,1 пайызын жастар құрайды. Түрлі салада ерен жетістікке жетіп, биіктерді бағындырған жалынды жастарымыз жеткілікті.  Ең бастысы - жастардың белсенділігін көтеру, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, олардың арасында кәсіпкерлікті  дамыту  маңызды деп білеміз.
Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысын өрістету қажеттігін баса айтты. Шындығында да жаһандану дәуірінде қамқорлықты, қолдау мен мейірімді қажет ететін жандарға көмек көрсету- мәртебелі қасиет. Ауданымызда да еріктілер   жұмысын жолға қойып,  адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ететіндерден өнеге алу маңызды деп білемін.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ел жастарына мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп, барлық қажетті жағдай жасалуда. Олай болса,  біздер Елбасының жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз.

Мейіржан Досмұратов,
аудандық  әл-Фараби атындағы мәдениет үйі әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

Обновлено 11.02.2019 15:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1153
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5294
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30861
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201591

Серіктестер