Онлайн газет



ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСҚАНДАР

Өмірге келген адамдар бір-біріне қиналған кезде қол ұшын беріп, жақсылық жасағанға не жетсін! Әсіресе, әлеуметтік жағынан жан жылуын қажет ететін өрендерді қамқорлыққа алып, шаттыққа бөлегендер үлкен сауапқа кенеледі екен.

Талас ауылындағы Н.Гоголь атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымының  мұрындық болуымен «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Жылына екі рет өткізілетін шараны мектеп директоры Нұрбек Телтаев ашып, акцияның мақсатына кеңінен тоқталды. Ол әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін балаларға үлкендер тарапынан қайырымдылық көмек көрсету, сонымен қатар, оқушыларды бір-біріне қамқор болуға, адамгершілік қасиеттерді бағалауға тәрбиелеу арқылы жас ұрпақты ізгі істерге құлшындырудың маңызын атап өтіп,  жиналғандарды сауапты шараға белсене қатысуға шақырды.
Қайырымдылық шарасында 10 оқушыға заттай көмек көрсетілді. Игілікті іске мектеп директоры Нұрбек Телтаев, аудандық мәслихаттың депутаты  Гауһар Туралиева, “Агали” шаруа қожалығының жетекшісі Нәби Агалиев, жеке кәсіпкер Зипа Молдабекова және «Туғанбаев» шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Туғанбаев сүбелі үлес қосты. Атап айтқанда, Гауһар Туралиева қамқорлықты қажет ететін 5 оқушыға қыстық сырт киімдер, Нәби Агалиев 2 оқушыға, Зипа Молдабекова 3 оқушыға қыстық аяқ киімдер алып берді.
Қамқорлық акциясында белсенділік танытқан мәрт азаматтарға мектеп ұжымы атынан алғыс айтылды. ондай-ақ, шараны әспеттеген сынып оқушыларына Алғыс хаттар тапсырылды.

Гаухар САҒЫНБЕКОВА,
Н.Гоголь атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы.

Обновлено 11.02.2019 15:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін44
mod_vvisit_counterКеше395
mod_vvisit_counterОсы аптада824
mod_vvisit_counterӨткен аптада3744
mod_vvisit_counterОсы айда9972
mod_vvisit_counterӨткен айда15648
mod_vvisit_counterБәрі933298

Серіктестер