Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ НҰРЫ

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің», - деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз», - деп тебірене айтқан сөзі бар.
Абай атындағы орта мектебінде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы аясында, мектептің әлеуметтік педагогы Салтанат Абдрахманова мен мектеп тәлімгері Асем Жиеналиеваның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – адам жанының  нұры» тақырыбында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
Іс – шараны мектеп  директоры Гүлшариат Асубаева ашып, қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жанұяларға қолдау көрсетіп, өз үлестерін қосқалы келген әрбір адамға алғысын білдірді.
Аталмыш шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті. Акцияда ауылдық округ әкімі Жұмабек Шайхиев, ауыл әкімінің орынбасары Қуат Тоқбергенов, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сайлаукүл Матышева, қамқоршылық кеңесінің мүшелері Рысбай Телеуов, Бағдагүл Ешенқұлова, Қасым Дауылбаев, Талғат Абылов, Талғат Бұқарбаев, Гүлсана Байсақалова, “Айгөлек” балабақшасының меңгерушісі Айткүл Уразбекова, балабақша меңгерушісінің  шаруашылық ісі  жөніндегі  орынбасары Бақытгүл Тоқбергенова, ауылдық клуб меңгерушісі Лесбай Оразбеков, ата – ана Бибігүл Бизақова өз қолдауларын көрсетсе, Абай орта мектебінің ұжымы, атап айтқанда, мектеп директоры Гүлшариат Асубаева, әдіскер Азима Талдаева, кітапхана меңгерушісі Гүлзира Қаратаева, физика пәнінің мұғалімі Елемес Жексенбиев, бастауыш сынып мұғалімі Махаббат Махметова, музыка пәнінің мұғалімі Ұлбосын Сортабаева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ильяс Жансақалов пен Мақсат Ибраимов қаржылай қолдауларын жасады. 
Сонымен қатар, мектеп оқушылары жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеде 18 000 теңге қаражат жиналып, қамқоршылық акциясына өз үлестерін қосты. Нәтижесінде үйде оқытылатын, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасының балаларына, жалғызілікті қарттарға көмек көрсетілді.

Айнұр КЕШКЕЕВА,
педагог ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Обновлено 11.02.2019 15:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін493
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6510
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32077
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202807

Серіктестер