Онлайн газет



ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.
Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Бүгінде бұл әліпбиді дүние жүзінің 90 пайызы қолданады. Үш мың жылға жуық уақыттан бері адамзат  қолданып келе жатқан бұл әліпби бізге жат емес.
Елімізде латын гарфикасының негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. Сондай-ақ Елбасы өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деді.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деп қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни, ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Сонымен бірге, латын қарпіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқарып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туатындығы шындық.
Қазіргі таңда  жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері жан-жақты түсіндірілуде.

Ақдидар Тасканбаева,
аудандық әділет басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін37
mod_vvisit_counterКеше395
mod_vvisit_counterОсы аптада817
mod_vvisit_counterӨткен аптада3744
mod_vvisit_counterОсы айда9965
mod_vvisit_counterӨткен айда15648
mod_vvisit_counterБәрі933291

Серіктестер