Онлайн газет



ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНЫМЫЗДА

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының және әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі Фахриддин Қаратаев өткен жұмада ауданымызда болып, бірқатар нысандарды аралады.  Халық қалаулысын аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлібек Қуанышов қарсы алды.

Фахриддин Әбдінабиұлы алғашқы іс сапарын Қостөбе ауылдық округіндегі «Агали» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастады. Егін, мал шаруашылығы және шұжық, сүт өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалық құрылғалы бергі он сегіз жылдың ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бүгінде отыз адамды

жұмыспен қамтып отырған шаруа қожалығы 2010 жылы асыл тұқымды мал асырауға аттестат алса, араға бір жыл салып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан мал шаруашылығын өркендетуге 220 млн. 500 мың теңге несие алған. Мұндағы қуаттылығы тәулігіне төрт тоннаны құрайтын шұжық цехы "Туған жер" атты халал шұжық өнімдерін шығарады. Қуаттылығы тәулігіне он тонналық сүт цехынан "Талас" атты сүт өнімдерін өндіріп отыр. Бұдан кейін халық қалаулысы Көктал ауылындағы "Дулат" шаруа қожалығында болып, аталмыш шаруа қожалығының үш мың бас мүйізді ірі қара малын бордақылау кешенінің жұмысымен танысты. "Дулат" шаруа қожалығында 1 698 бас мүйізді ірі қара малы бордақыланып, 424,5 тонна ет өндірілсе, бүгінде тағы да мың басқа жуық ірі қара бордақыланып жатыр.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты өткен жылы ауданның сексен жылдық мерейтойына орай, айналасы абаттандырылып, жаңа келбетке ие болған "Байзақ баба" кесенесінде, былтыр пайдалануға берілген №2 балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде және жеке кәсіпкер Ләззат Жабатаеваның сауықтыру орталығында болды. Парламент депутаты қарапайым халықты толғандыратын әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй бағдарламалары жөніндегі негізгі мәселелерді түсіндіре отырып, Заңға өзгерістер енгізудегі ерекшеліктерді тілге тиек етті.
"Жұмыс сапарымыздың негізгі мақсаты - біздің Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды шаруаларға түсіндіру болып табылады. Бүгін шаруаларды аралап, олардың көтерген мәселелеріне байланысты әлі де болса жұмыс атқарылатын болады. Сол мәселелер бойынша өзіміз ой-пікірлерді жинақтаймыз. Сонымен бірге, жұмыс сапары барысында аудандағы бірқатар игі істерге куә болдым. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын спорт кешені мен сауықтыру орталығын аралағанда көріп, ерекше әсер алдым. Тараз қаласына іргелес жатқандықтан мұндағы атқарылып жатқан ауқымды істерге көңіл толады", - дейді бізге берген сұхбатында Мәжіліс депутаты Фахриддин Әбдінабиұлы.
Апта басында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының және әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі Фахриддин Қаратаев жұмыс сапары Меркі ауданында жалғасты.

 

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 07.02.2019 09:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін173
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6190
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31757
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202487

Серіктестер