Онлайн газет



ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 20-26 қаңтары  аралығында  Өскемен қаласында бокстан 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өткені белгілі.

Аталмыш ел чемпионатына біздің облыстан қатысқан он төрт спортшының қатарында байзақтық қос боксшы Альмерей Анарбаев пен Ислам Махашов да өнер көрсеткен болатын. Ауданымызға белгілі жаттықтырушылар Болат Джарымбеков пен Думан Қырғызалиевтен бокс спортының қыр-сырын жетік меңгерген Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы Альмерей Анарбаев қарсыластар шақ келтірмей, ақтық сында

өз жамбылдық жерлесімен кездесті. Кездесу қорытындысында ұпай санымен есе жіберген Альмерей жүлделі екінші орынға ие болып, күмістен алқа тақты. 
Төрт жылдан бері Сарыкемер ауылындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінде жаттығып жүрген Альмерей Анарбаев  2016 жылы Сарыкемер ауылында Б.Жұмаділовтің жүлдесі үшін өткен облыстық турнирде бірінші орынды иеленсе, өткен жылдың қазан айында Тараз қаласында бокстан 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Жамбыл облысының чемпионатында бірінші орынды алған болатын. Жыл соңында Ақтөбе қаласында бокстан 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Оңтүстік – Батыс аймақтық чемпионатында жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлаған Альмерейдің бағындырар биіктері мен алар асуы алда деп білеміз.

 

Мұхтар Манекеев.

Обновлено 07.02.2019 09:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1039
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7056
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32623
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203353

Серіктестер