Онлайн газет



ӨНЕРЛІЛЕР ТОП ЖАРДЫ

Аудан әкімдігі білім бөлімінің «Балалар  шығармашылығы  және тәрбие орталығы» «Туристік-өлкетану» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы Асқарова Балжан Маратқызының ұйытқы болуымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында «Ұлы даланың шеберлері» атты қолөнер байқауы ұйымдастырылды.

Оқушыларды қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету арқылы әсемдікті тани білуге, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан бәсекеге қосымша білім беру мекемелерінен 36 оқушы қатысты.
Байқауды  балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының директоры Еркін Сайлауұлы ашып, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының

маңызына тоқтала келе, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылар 2 кезеңнен тұратын талаптарға сәйкес, «Аң стилі» және «Қызғалдақ - табиғи құндылық» кезеңінде: - тарихи, шежірелік, жәдігерлік маңызы бар ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме қою. Қатысушылар бисер, қағаз, мата, фетр, ағаш сынды материалдарды қолдана отырып, көздің жауын алатын бұйымдарды қалай жасағаны туралы айтып берді.
Байқау соңында оқушылардың қолөнерлерін тамашалай отырып, оларды талғам таразысына салған әділқазылар алқасы өз пікірлерін білдіре отырып, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздарға марапаттар табыс етілді. Бас жүлдені «Тұлғатану» үйірмесінің оқушысы Гүлжан Тәліпжан жеңіп алды. Дархан Аманбірінші орынды иеленді. Гүлдана Именова, Айдана Копбосын, екінші орынның тұғырынан көрінді. Руслан Сыдыков, Айым Мүсілім үшінді орынға табан тіреді. Аягөз Рахманқұл, Зарина Искандирова Алғыс хатпен марапатталды.

 

Нұрбек Сүгірбеков.

Обновлено 07.02.2019 09:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін350
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6367
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31934
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202664

Серіктестер