Онлайн газет



Отандық туындылар көбірек берілсе...

Ж. Тологонова,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/5 мекемесі cауықтыру пунктінің дәрігері,   әділет  аға лейтенанты.

Көкірегі қазынаға толы қарттарымыз бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, ертегі, дастандармен тәрбиелеп, жас жеткіншек бойына батырлықтың, адамгершілік пен имандылықтың дәнін себе білген. Ал бүгінде бала тәрбиесімен көгілдір экран айналысып  жатыр. Бесікте жатқан баланың аңдығаны мультфильм,  үлкендердің  телміріп қарайтыны  соңы жоқ сериалдар.
Мультфильм – балалардың көңілдерін көтерумен қатар олардың ойлау қабілетін да дамытады, әрі балаларды тәрбиелеуші болып табылады. Көрген нәрсесіне еліктеп, көрген нәрсесінен сабақ алатын балалар  биіктен секіру, ұшу сияқты іс-әрекеттерді шын өмірде де сынап көріп жатады.Сонымен қатар  бүгінгі жеткіншектердің көретіні «өнегелі» өрмекші адам мен «шешен» Шрэк, «Джетиксқа» еліктеп, Бетмендей батыр болуға құмартып алған. Сонымен қатар   қатыгездік пен алдау-арбауды насихаттайтын кейбір мультфильм кейіпкерлерінің  әрекеттері балғындар тұрмақ, үлкендерді арбап әкететіндігін көріп жүрміз.
Біздің бала кезімізде көретініміз “Ақсақ киік”, “ Маша мен аю”, “Әй тоқта бәлем!”, “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” атты мейірімділікке жетелейтін  мультфильмдерді жалықпай қайта-қайта көретінбіз.  Нарықтың өтпелі кезеңінде ой-санамыз түбегейлі өзгеріп,   батыстың жат  сериалдары мен  мультфильмдері жаулап қана қоймай, адамгершілік қасиеттерімізге көлеңке түсіріп үлгергені де  жасырын емес.
Өсіп келе жатқан  өрендер еліміздің болашағы болғандықтан,  берілетін  тәлім-тәрбиесіне  ерекше мән беріп, олардың көретін   фильмдерін  сын таразысынан өткізіп отыру-уақыт талабынан туындаған мәселе деп білемін. Олай болса, ұлттың  санасын оятып, рухын көтеретін,  ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруды көздеген   “Алдар көсе”, “ Ер Төстік пен айдаһар” секілді отандық туындылар теледидардан көбірек берілсе артық болмас еді деп ойлаймын.
Бұл жөнінде Сіздің пікіріңіз қандай, оқырман қауым?

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1739
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5880
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31447
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202177

Серіктестер