Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Қымбатты аудан тұрғындары!
Сіздерге үлкен өтінішпен жүгініп отырмыз. 1993 жылдың 18 шілдесінде дүниеге келген бауырымыз Балданбай Төле Серікбайұлына үлкен көмек, яғни, еміне қаражат қажет. Жамбыл облысының тумасы, әлі сәби кезінде абайсызда құлап, мертігіп қалған болатын. Сол уақыттан бері ата-анасы баласын емдету үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Бауырымыз өмір қиындығын «Алла тағаламның маған берген сынағы», - деп, әлі де де үмітін үзбеуде. Содан бері 25 жыл уақыт көлемінде «сал ауруы» диагнозымен арбаға таңылып келеді. «Ең қиыны артта қалды, төрт жыл қатарынан ота жасатқан сәттерім де болды. Алда мені тек жақсылық күтуде» деп сенеді. Алға қарай ұмтылысы, құлшынысы бар жанға көмек қолын созайық.
Мақсат - мұраты анық, болашаққа деген қадамдары мен өмірге деген көзқарасы өзгеше. «Менде Құдай қосқан жарымды тауып, ата - анама немере сүйгізгім келеді. Менің осындай халіме қарамастан бағып - қағып, өсіріп, тәрбиелеген әке-шешемді менің асырайтын уақытымның туғанын қалаймын» дейді.
Қазіргі таңда, Төле Серікбайұлы Қызылорда қаласында орналасқан «Қанат» реабилитациялық орталығында ем алуда. Бөтен қалада тұрғандықтан, міндетті түрде пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Осы орталықты ашқан Темірқұлов Сәкен есімді дәрігерге алғысы мол екендігін айтады. Өзге мамандар таба алмаған емді осы дәрігер анықтап, үлкен үміт сыйлап отыр. «Мен сені аяққа тұрғызамын» деп айтқан дәрігер мұратына жету үшін 6 айлық ем курсы қажет. Оның барлығы қазіргі таңда қыруар ақша. Сол себепті, Сіздерден көмек сұраймыз. Қолдан келгенше төменде көрсетілген банк шотына ақша аударуларыңызды, мұсылман бауырымыздың аяққа тұрып кетуіне сәл де болса, үлес қосуларыңызды сұраймыз.
Kaspi Cold: 516 949 319 014 4777
ИНН: 930718301005
Qiwi кошелек: 8 777 944 62 51
Инстаграм парақшасы: help_baldanbai
Байланыс телефоны: 8 777 944 62 517
Баршаңызға Алла разы болсын!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін801
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6818
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32385
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203115

Серіктестер