Онлайн газет



РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ- ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Өткен жылдың соңғы аптасында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманованың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заң талаптарына сай орналастырылуы мен пайдаланылуы туралы баяндамасы тыңдалды. Одан соң аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов, Түймекент және Үлгілі ауылдық округтерінің әкімдері С.Медеубеков пен Д.Мадешов хабарлама жасады.
Отырыс соңында аудан басшысы Рахматілдә Сегізбайұлы еліміздің мақтанышы - Мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту мен қолданылу нормаларын қатаң сақтаудың маңыздылығын баса айтты.

Ұсыныстар  назарға алынды
Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының кезекті отырысы өтіп, онда ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Шыңғыс Кенжалиев 2018 жылы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Бұдан соң Ынтымақ ауылдық округінің әкімі М.Ноғаев және Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Қуанышбаев бұл бағытта қолға алынған тірліктер туралы ақпарат берді.
Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен өткен отырыстың соңында Жастар жылында қолға алынатын жұмыстар нақтыланып, айтылған ұсыныстар назарға алынды.

Міндет  айқын
Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өтіп, онда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова аудан аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында қолға алынған жұмыстарға тоқталды. Аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ш.Абдурасулов білім бөлімі мен орта білім беру ұйымдарында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша атқарылған шаруаларға, Сазтерек ауылдық округі әкімі Ж.Шайхиев ауылдық округ аумағындағы діни ахуалдың жайына екпін салды.
Күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін742
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада742
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12043
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001992

Серіктестер