Онлайн газет



ФАБРИКА ӨНІМДЕРІ - СҰРАНЫСҚА ИЕ

Өткен жылдың басында тұтынушыларға жол тартқан “Сауле” фабрикасының өнімдері аз уақыттың ішінде тіл үйірер дәмімен көптің көңілін жаулап үлгергені белгілі.

Осыдан үш жыл бұрын Тараз қаласындағы автотұрақ аумағынан тыс қалған жерді сатып алумен басталған ауқымды іс өз нәтижесін береді. Кондитерлік фабрика басшысы Сауле Жанабекова кәсіпорын ғимаратының бірін қайта құру жұмыстарын қолға алып, салмасы бар вафлиды әзірлеу бойынша австралиялық НААS компаниясының жабдықтарын сатып алуға келісім жасайды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 1,2 миллиард теңге көлемінде несие алған кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 250 тонна дайын өнімді құрайды. Алдымен өндіріс ошағында монтаждау және іске қосу жұмыстары жүргізілсе, өткен жылдың басында рұқсат беру құжаттарын алғаннан кейін кондитерлік фабриканың алғашқы өнімдері сауда желілерінің сөрелеріне түсе бастады.
Компанияның бірінші бөлігі іске қосылған сәттен бастап 34 түрлі ассортимент шығарылып, тұтынушылардың көзайымына айналды. Бүгінде отыз адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын барлық желілер пайдалануға беріліп, номиналды қуатқа шыққаннан кейін жұмыс күшін 200 адамға дейін кеңейтуді жоспарлауда.
Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тумасы, кәсіпкер Сауле Жанабекова ауданның 80 жылдық мерейтойына атсалысып, Наурыз мерекесінде, басқа да ауылдық округте өткізілетін іс-шараларда қайырымдылық танытып, демеушілік жасап келеді. Аз уақытта көпшіліктің ризашылығына бөленген Сауле Сатыбалдықызының мақсаты – фабриканың жаңа корпусын салу, шоколад пен карамельден жасалған кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа желілерді сатып алу. Үстіміздегі жылы жаңа корпус салу және жаңа өндірістік желі сатып алу жоспарлануда. Қазіргі заманғы жабдықтарды енгізу кәсіпорынның қуатын 4 500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін арттыруға және өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік бермек. Сапа тұрғысынан шетелдің брендтеріне дес бермейтін «Сауле» фабрикасына сыртқы серіктестер қызығушылық танытып, өткен жылдың қараша айында аспан асты елінің нарығына шықты.
Фабрика Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасынан тауардың шығу тегі сертификатын алды. СТ-КZ сертификаты тауардың Қазақстан Республикасының аумағында шығу тегін растайды, бұл өз кезегінде жеткізушіге жеңілдікті шарттарда өткізілетін барлық сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді. Енді аталған серіктестік болашақта тек Азия елдеріне ғана емес, өнім ассортиментін теңіз асып, Еуропа нарығына шығару, өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 09.01.2019 15:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін782
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада782
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12083
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1002032

Серіктестер