Онлайн газет



БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАРШАҒА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Апта басында аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен Сарыкемер мектеп - гимназиясының базасында аудандық ата-аналар қауымдастығының қоғамдық тыңдауы болып өтті. Мектепішілік ата-аналар комитеттерінің төраға, төрайымдары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог-психологтардың қатысуымен өткен қоғамдық тыңдауда күн тәртібіне төрт мәселе шығарылды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - мұғалімнің оқушылар және ата-аналармен өзара әрекеттесуінің ресімділігі жөнінде аудандық ата-аналар қоғамының төрайымы Арманай Қуанова баяндама жасады. Бірін-бірі толықтырып, өзара ынтымақтастық үшін құрылған екі маңызды тәрбиелеуші - мектеп пен отбасы екенін алға тартқан баяндамашы ата-аналар мен мұғалімдердің байланысу жолдарына жан-жақты тоқталды. "Ата-аналар мен мұғалімдердің қазіргі жағдайларда өзара әрекеттесуі дайындығының жеткіліксіздігі" туралы мәселеге байланысты Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебінің педагог-психологы Сая Утембаева тарқата айтып берді. Ол отбасында басты мәселенің бірі - баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру екеніне мән беріп, мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі ата-ана болатынын жеткізді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе - "Ата-аналардың бала тәрбиесіне уақытының жетіспеушілігі" тұрғысында сөз қозғаған Бурыл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құралай Үкібаева адамның жеке тұлға болып қалыптасуы отбасынан басталатынын айтты. Бала тәрбиесіне уақыт жетпейді деп санайтын ата-аналардың күнделікті іс-әрекеттерін дұрыс жоспарлай білуі қажеттігін, ата-аналар тарапынан жіберілетін қателіктердің себеп-салдарына талдау жасады.
Қоғамдық тыңдаудағы соңғы мәселе - "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейінің көрсеткіштері" тақырыбында сөз алған АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Әйгерім Атықай өткен жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндай келе, бірқатар ұсыныстар берді.
Басқосу соңы пікірталасқа ұласып, онда жиынға қатысушылар арасында ата-аналардың аз қамтылуы, ата-аналарға арналған чатпен жұмыс жүргізу, интернет желісіне заңсыз контенттер жариялау, ұстаздар мен ата-аналар арасында байланысты арттыру жолдары кеңінен сөз болды.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 09.01.2019 15:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін72
mod_vvisit_counterКеше577
mod_vvisit_counterОсы аптада649
mod_vvisit_counterӨткен аптада3845
mod_vvisit_counterОсы айда10278
mod_vvisit_counterӨткен айда17252
mod_vvisit_counterБәрі917956

Серіктестер