Онлайн газет



ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ - «ЖАС ОТАН» НАЗАРЫНДА

Ә.Мырзабеков,
«Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жас Отан» Жастар қанатының I съезінде мемлекеттік басқару, бизнес жүйесі және қоғамдық қызмет саласы үшін жастар кадрлық резервін қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес,

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен партияның «Жас Отан» Жастар қанаты «Жастар кадрлық резерві» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты — 29 жасқа дейінгі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, әлеуметтік маңызды қызметке тарту жолдары арқылы Қазақстанның жастары арасынан кадрлық резерв қалыптастыру болып табылады.
«Жастар кадрлық резерві» жобасын өткізу нәтижесі бойынша республика көлемінде 1000-нан аса жастар қатысты. Байқаудың іріктеу қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан республикалық деңгейде іріктелген 107 қатысушысынан комиссия шешімі бойынша 32-сі лайықты деп алынды.
Жобаның алғашқы кезеңі — 2009 жылы 7 мен 31 шілде аралығында жоба қатысушылары, АҚ «Мемлекеттік қызмет персоналдарын басқару Ұлттық орталығында» көшбасшылық теориясы, мемлекеттік менеджмент негізі және басқару теориясымен байланысты және тағы басқа да пәндер бойынша білім алды.
Оқу кезеңінде жоба қатысушылары «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен «Қазақша сөйлесейік!» республикалық акциясына қатысты.
Оқудан тыс уақыттарда «Жастардың кадрлық резерві» жобасының қатысушылары Ильинка поселкісіндегі әлеуметтік құрылыс нысаны болып табылатын жалпы білім беретін орта білім мектеп құрылысын салуға көмек көрсетті. Мектеп құрылысы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
2009 жылдың шілде айында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ  атқарушы хатшылығының ұйымдастыруымен Көкшетау облысы, Зеренді ауданында «Жас Отан» ЖҚ филиалдарының атқарушы хатшылары мен жастар кадрлық резервінің тыңдаушыларына және жастар қоғамдық ұйымдары өкілдеріне арналып өткізілген жазғы саяси лагеріне қатысты.
Апта бойы жоба қатысушылары лекциялар тыңдап, саяси сценрилерді құрып, пікірталастар өткізді. Сонымен қатар, Д.Кәлетаев, Қ.Сұлтанов, Б.Байбек, А.Рау, Е.Қарин, Б.Байқадамов, Н.Ерімбетов сынды және басқа да мемлекеттiк және қоғамдық қайраткерлермен, ғалымдармен кездесті.
Сонымен қатар, жоба қатысушылары 2020 жылға дейiн Қазақстанның инновациялық дамуы туралы ұсыныстарын қабылдады.
2009 жылдың 12 тамызы мен 13 қыркүйегі аралығында «Жастардың кадрлық резерві» жобасының алғашқы тағылымдамадан өту кезеңі басталды. Жоба қатысушыларына «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қоры, АҚ тағылымдамадан өтті. Тағлымдамадан өту уақытында оқу кезеңінде үйренген, түйген тәжірибелерін қолданды.
2009 жылдың 15 қыркүйегі мен 13 қараша аралығында «Жастардың кадрлық резерві» жоба қатысушылары оқуларын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жалғастырды.
Академиядағы оқу бәріне міндетті және кәсіби блоктардан лекция әңгіме, пікірталас, тренинг, семинарлар және жаттықтыру сабақтары түрінде өтті. Жоба қатысушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғылым докторлары мен кандидаттары лекция оқыды.
Оқу уақытында жоба қатысушылары Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.С.Әшімов пен Президенттік Мәдени орталығының директоры М. Ж. Жолдасбековпен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен, «Болашақ" қауымдастығының мүшелерімен, оның ішінде «AMG» холдингісінің дирекоры А. С. Кульгиновпен, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесi құқықтық сараптамасының бөлім меңгерушiсі К.М.Сәрсембаевпен, «Болашақ" қауымдастығының атқарушы директоры Ж.В Төлегенова секілді саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесті. Сонымен қатар, жоба қатысушылары үшін топ құру бойынша «Қасиет» психологиялық орталығы және Қазақстандық психологтар қауымдастығы тараптарынан психологиялық тренингтер өткізілді.
2009 жылдың 29–30 қазаны аралығында Қазақстан Республикасының «Жастар кадрлық резерві — Еуразиялық интеграция септестігінің негізі» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  және  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының және саяси партиялары жастар қанаттары көшбасшыларының кездесуі өтті.
Кездесуде еуразиялық жастардың кадрлық әлеуетін қалыпастыру жүйесін жетілдіру бойынша мәселелер көтеріліп, еуразия кеңістігіндегі жастарды интеграциялау туралы мәселелерді талқылап, ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттері мен ШЫҰ қатысушы жастардың мүдделерін алға қою мен жастар саясатын дамыту саласында тәжірибе алмасу бойынша мәселелер қаралды.
Толығырақ ақпарат  WWW.REZERV.KZ, сайтына және ұялы телефон 87024775030.

 

Обновлено 01.08.2013 09:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1139
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7156
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32723
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203453

Серіктестер