Онлайн газет



АРМЫСЫҢ, 2019 ЖЫЛ!

Әлем халықтары асыға күтетін Жаңа жыл мерекесі - жарқын мерекелердің бірі саналады. Айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайтын мейрамды қарсы алу үшін аудан тұрғындары 31 желтоқсан күні орталық алаңда бой көтерген жасыл шырша маңына жиналды.

Көпшілікті аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев Жаңа 2019 жылмен құттықтап, өткен жылы тындырылған тірліктерге  тоқталды. Алда тұрған міндеттерді  бірлесіп атқарудың маңыздылығын атап өтіп, доңыз жылы елімізге құтты, табысты жыл болсын деген тілегін жеткізді.
Бұдан соң аудан орталығындағы Ғ.Мұратбаев, Н.Киікбаев атындағы, №1 мектеп-гимназия және Гагарин атындағы орта мектептің өнерпаздары мен аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншілері ән мен күйден шашу шашты. 
Аяз Ата мен Ақшақар  түрлі ойындар ойнатып, ертегі кейіпкерлері сомдаған көріністер көпшілікке көл-көсір шаттық сыйлады.
Аудан тұрғындары мен қонақтар көркем безендірілген шырша маңында суретке түсіп, аспан төріне өрнек салған алуан түрлі отшашуға  куә болып, ән ырғағына ілесе биледі.

Нұрболат Сұраншиев.


 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін69
mod_vvisit_counterКеше577
mod_vvisit_counterОсы аптада646
mod_vvisit_counterӨткен аптада3845
mod_vvisit_counterОсы айда10275
mod_vvisit_counterӨткен айда17252
mod_vvisit_counterБәрі917953

Серіктестер