Онлайн газет



МҰҢ - МҰҚТАЖДАРЫН ТЫҢДАДЫ

Өткен жылдың 28 желтоқсанында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Рахматілдә Рахманбердиев партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  азаматтарды жеке өтініш-тілектері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдауға алғашқы болып жазылған, сарыкемерлік Анна Эрниязова немерелерімен бірге тұрып жатқандықтан, үйдің тарлығын айтып, тұрғын үй алуға көмек беруін өтінді. Партия филиалының төрағасы аудан бойынша тұрғын үй алу кезегінде 5 мыңға жуық азамат тұрғандығын, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, жеке тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекке тұру тәртібін түсіндірді.
Сарыкемер ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, №102 үйдің тұрғыны Халжан Ергалиева үйіне газ тартуға жәрдемдесуін, Жетібай ауылының тұрғыны Орынбек Кәрібаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кезекте тұрған ауыл тұрғындарына тұрғын үй құрылысын салуға жер телімі берілгендігін, мүгедек баласы бар қызы кезекте тұрса да жер теліміне қолы жетпегендігін жеткізді. Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі Қанат Телеу округте 2016 жылдан бері кезекте тұрған 339- азаматтың, 52-сіне заңды түрде жер телімі берілгендігін айтты.
Аудан әкімі  Рахматілдә Сегізбайұлы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында Жетібай, Қостөбе, Мырзатай ауылдарында қолға алынған ауқымды жұмыстарды атап өтіп, қарияның  өтініші міндетті түрде қаралып, жер телімін бөлу барысының заңдылығы тексерілетіндігін жеткізді. Жеке кәсіпкер Абай Абашов Ақшолақ ауылындағы кафесіне қарама – қарсы 2 контейнердің заңсыз орналасқандығын, Сарыкемер ауылының тұрғыны, жұмыссыз, көп балалы ана Гүлзира Канатбаева жарының 5 жылдан бері жоғалып кетуіне орай, әлеуметтік көмек алуына жәрдемдесуін сұранды.
Аудан басшысы жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың  мұң-мұқтажын  тыңдап, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 08.01.2019 10:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін7
mod_vvisit_counterКеше409
mod_vvisit_counterОсы аптада3383
mod_vvisit_counterӨткен аптада6813
mod_vvisit_counterОсы айда14530
mod_vvisit_counterӨткен айда15792
mod_vvisit_counterБәрі951669

Серіктестер