Онлайн газет



ҚҰМ ӨҢІРІНДЕГІ ШАТТЫҚ

Жыл деген Жаратқанның сыйы екені рас. Жаңа жыл - еліміздегі отбасылық мереке. Жаңа жылдан халқымыз игілікті, мемлекетіміз молшылықты, әр отбасы бақыт пен шаттықты күтеді. Ел-жұрт болып, жаңа жылдан жақсылық күту де бір шаттық.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев бастаған бірқатар бөлім, мекеме басшылары мен Ботамойнақ, Түймекент, Темірбек ауылдық округтерінің әкімдері құм өңіріндегі мал қыстауларында болып қайтты.
Жалпы ұзақтығы 180 шақырымға созылған сапар барысында Рахматілдә Сегізбайұлы Мойынқұм өңірінде қыстап отырған еңбекші елдің хал-жағдайымен танысып, малшы отбасыларының балаларына

сыйлықтар тапсырып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Қайсар Жасұзақов пен оның орынбасары Мәди Нұралиев жол бастап жүрді. Аудан әкімі алдымен Сарыбарақ ауылы арқылы жиекте "Қожақұдықта" отырған орманшы-қорықшы Беделбек Тасбауовтың қыстауына барды. Содан соң "Озғанқұм" шұратында Марат Өтелбаевтың, "Қосқұдықта" мал қыстатып отырған Сұлтан Құрманбековтің, "Жиекте" Мақсат Жұмабаевтың, "Тобылғыда" Талап Тоғызбаевтың, "Ақ далада" Ербол Амирхановтың, "Сары төбеде" Аман Әмірхановтың, "Жыландыда" Жамбыл Мирсалимовтың, "Сабынды" шұратында Ниеталы Бегалиевтің, "Шымырбай" учаскесінде Айдар Бегалиевтің қыстауларын аралады. 
Аудан әкімі әр малшының үйіне тоқтаған сайын өрістегі малдың қоңдылығына, дала адамдарының малсақ екендігіне, қоралардың бүтіндігіне ризашылығын білдірді. Малшылармен және олардың жәрдемшілерімен тілдескен ол денсаулықтарының жақсы, дәрі-дәрмектері жеткілікті, азық-түліктері бар екендігін де білді. Сонымен қатар, малшы қауымды алаңдатып отырған мәселелерге қатысты аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асылхан Заурбеков, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков, ветеринария бөлімінің басшысы Лесбек Тойбеков,  «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Мұратбек Төлтаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 


Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мырзағали Мадимаров бастаған дәрігерлер малшы отбасылары балаларының денсаулықтарын тексеріп, медициналық көмектерін көрсетті.  Өз кезегінде малшы қауым да аудан басшылығына ризашылықтарын жеткізіп, мерекелік лебіздерін білдіріп жатты.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 08.01.2019 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін747
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада747
mod_vvisit_counterӨткен аптада4365
mod_vvisit_counterОсы айда12048
mod_vvisit_counterӨткен айда14453
mod_vvisit_counterБәрі1001997

Серіктестер